Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ОРЫНҒА САЯХАТ

РУХАНИ ОРЫНҒА САЯХАТ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Жалпақ жұртыңды құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген еді.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Қазақтың дархан даласы тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білгенжандар, ел есінде қалған қасиет иелері бар. Ал, олар жайында бүгінгі ұрпақтың білгені жөн. Шиелі ауданы, Тұрсынбай датқа ауылының қариялары Түркістан облысындағы киелі орындармен танысу мақсатында жолға шықты.
Рухани сапарға шыққан ардагерлер алдымен көне заманнан бері келе жатқан киелі жердің бірі – Оқшы ата кесенесіне барып зиярат етіп, құран бағыштады. Келесі кезекте «Арыстан баб» кесенесіне бағыт түзеді. Ескінің көзі болып сақталған орынға зиярат етіп, ел аузында жүрген аңыздар мен түрлі әңгімелерді мұхият тыңдады. Қасиетті орынға дұға бағыштады.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді дана қазақ. Иә, қариялардың көкірегі өсиетке толы. Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған. Осы орайда ауыл ардагерлерінің аталған сапарға шығуына бастамашы болған Тартоғай ауылдық оругінің әкімі Ғ.Сейтовтің еңбегін айта кеткен жөн.
– Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерді. Ұлттық болымыс, салт-сана мен дәстүрімізді жастарға насихаттайтын ардагерлер қауымы. Сондықтан да киелі жерге саяхат жасап, сапар барысында көрген, білгендеріңізді балаларыңызға, немерелеріңізге айтып береді деген ойдамын» – деді ол.
Оңтүстікте киелі орындар көп. Қайтар жолда шиелілік ардагерлер Түркістан қаласында болып, Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесін тамашалады. Сонымен қатар, екінші Мекке атанған киелі орындағы көне жәдігерлермен танысты.
Тарихи орындарды аралап келген қариялар жас та болса бас болып осы шараны ұйымдастырып, ардагерлердің жағдайын жасап жүрген ауыл әкімдігіне, Тартоғай ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Айдана Жұманазарға алғыстарын айтты.
Шиелі ауданы
07 тамыз 2018 ж. 845 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области