«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: МАҒЖАН ЕРАЛИЕВ
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткер ретінде қызылордалық кәсіпкер Мағжан Ералиев те тіркелді. Ол өзінің туып-өскен Қызылорда облысында жас кәсіпкер ретінде белгілі. Сондай-ақ ол аймақтың қоғамды өміріне белсенді түрде атсалысады. Өзінің жас мөлшеріне қарамастан, Мағжан айналысатын кәсіп аса маңызды. Былтырғы жылы ол басқаратын компания «Алтын Сапа 2017» Қазақстан Республикасы Президенті жүлдесінің «Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын ең үздік кәсіпкер» номинациясы бойынша жүлдегері болды.
Мағжан экономика және кәсіптің жоғарғы мектебі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдады. Өзінің алғашқы еңбек жолын 2013 жылы ТОО «Алтын Орда» экспедиторлық компаниясында сату менеджері болып бастады. 2016 жылдан бастап «Магжан және К» ЖШС директорлық лауазымын атқарды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін ПТ «Абзал және Компаниясына» директор болып тағайындалды. Ол басқаратын компания сенімді түрде Қазақстанның күріш шығарушыларының үштігіне кіреді. Сонымен қоса өзінің ұстанымын нық түрде еліміздің нарығында ғана емес, жақын шет елдерде де ұстап тұруда.
Мағжан Абзалұлы 2013 жылы Халықаралық «ТуранПрофи» академиясында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқудан өтті. Оқуды аяқтап, сертификат алған соң ол өз бизнес-жоспарларын сәтті қорғап шетелдік тәжірибеге жіберілетін топтың ішінде болды. Қазақстан компанияларының топ-менеджерлері кезекті рет 4 апталық іс-тәжірибелі сапарға мемлекет қолдауымен барып қайтуға мүмкіндік тағы туды.
Мағжанның сөзінше, Германияда Қазақстандық компаниялардың топ-менеджерлері басқару негізіне дайындық бағдарламасынан өтті. Бағдарлама мақсаты менеджмент саласындағы немістің ноу-хау ақпараттарын және қатысушыларға экономикалық ойлауды дамыту мен әрекет етуді үйрететін неміс ұйымы сондай-ақ олардың менеджмент саласында жеке құзіреттілігін арттыруды үйрету болып табылады. Кәсіпкердің сөзінше, оқу барысына менеджмент саласындағы білімді арттыру жөніндегі семинар мен тренингтер енгізілген және екінші жағынан қатысушыларға немістің кәсіпорындарын аралап, олардың жұмысымен танысу да жолға қойылған. Тренингтерде қатысушылар презентацияны кәсіби деңгейде жасауды, түрлі жағдайларда бизнес-келіссөздер жүргізу, серіктестермен іскерлік байланыстарды реттеуді үйренді.
- Біз түрлі тақырыптағы тренингтерге қатыстық, олардың ішінде «Маркетинг және коммуникациялар», «Презентацияны кәсіби деңгейде өткізу», «Персоналды басқару» және көптеген басқа да тақырыптар құзіреттілікті арттыруға өз септігін тигізеді. Әсіресе қатысушыларға қызықты болғаны Германиялық компанияларға барып, өндірістік процесспен танысу болды. Маған ерекше әсер қалдырған PETKUS фирмасы өзінің 150 жылдық тарихымен және әлемде алғаш рет егістік тұқымын механикалық тазарту құрылғыларын жеткізетін және тұқымды дайындау, қайта өңдеу мен өнімді сақтауды ұйымдастыратын фирмасы болды. Біздің мекеме Қазақстандағы тұқыммен айналысатын алдыңғы қатарлы компания болып табылады. Сондықтан PETKUS фирмасы жеткізетін түрлі құрылғылар біздің өндіріске таптырмас жаңалық болар еді. Біз аталған компаниямен серіктестікке дайынбыз және тек құрылғыларды сатып алып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанға персоналымды оқыту үшін сол елден кәсіби мамандарды шақыртып, жаңа технологиялармен жұмыс жасау, өндіріс машиналарын құрылымдау сияқты өндіріске маңызды салаларға да қызметкерлерімді дайындау алдағы мақсатымыз, - деп өз ойымен бөлісті.
Мағжан мүмкіндігі шектеулі балалар мен аз қамтылған отбасылар үшін қайырымдылық науқандарын өткізіп тұрады. Жыл сайынғы өткізілетін «Туған жерге тағзым» жобасының төңірегінде өзінің туған ауылы Н.Илиясов ауылының дамуына үлесін қосады. 2017 жылы спорттық ойын-сауық кешенін тұрғызды, демалыс аллеясын салды.