Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒҰМЫР


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жариялаған болатын. Оның басты мақсаты – жетістіктерінің тарихы шабыттандыратын, еліміздің таланты тұлғаларын насихаттау. Президент жұртшылықтың назарын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі біздің замандастарымызға аудару және жаңа мультимедиалық алаң құруды ұсынды, соның арқасында әр адам жетістік тарихымен таныса алады. Сыр өңірінде де аталған жобаға енуге лайықты ғалым-оқытушылар көп. Қазақстанда және одан тысқары жерлерде есімдері белгілі профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер бар. Олар – әрдайым білімін жетілдіріп тұратын өз ісінің шеберлері.
Сондай ғалымдардың бірі саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мұрат Насимов.
Ол әр жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, Қызылорда «Болашақ» университеті, тарих және филология кафедрасының меңгерушісі, аталған оқу орнының «Педагогика» факультетінің деканы, тәрбие жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ректоры, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды.
Саяси технологиялар, саяси жарнама, саяси имиджеология, саяси консалтинг, саяси тарих және саяси философия мәселелерін зерттейді.
Екі жүзге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы; оның ішінде: 5 монография, сараптамалық брошюралар мен әдістемелік нұсқаулар жарық көрді. «Қалыптасқан Қазақстан – Елбасы саясатының жемісі» атты еңбегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастырған конкурсының 2015 жылғы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының рөлі туралы таңдаулы оқу баспасы» номинациясының иегері. Рейтингісі жоғары шет елдік Халықаралық ғылыми журналдарда оннан астам мақалалары жарық көрген.
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі. Саяси зерттеулер Ассоциациясы Қызылорда облыстық филиалының директоры. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013-2014 жылға арналған жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми стипендиясының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2014» атағының иегері.
Соңғы үш жылда Астрахань мемлекеттік университеті («Білім берудегі менеджмент»), Волгоград қаласында кәсіби тағылымдамадан, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті («Саясаттану» мамандығы бойынша толық курс), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында («Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару», «Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының тұжырымдамалық, идеологиялық және құқықтық нысандары») кәсіби біліктілігін арттырған.
09 қазан 2018 ж. 689 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области