Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»:САМАЛ ЖҰМАБЕКОВА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»:САМАЛ ЖҰМАБЕКОВА


«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына үміткер ғалым, докторант, полиглот, қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген кəсіби аудармашы Самал Жұмабекова.
Ол 1992 жылы 24 тамызда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында дүниеге келген. 2006-2008 жылы №4 Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған мектеп интернатын (физика-математика бағыты бойынша) үздік аттестатпен тәмамдаған.
2008 жылы Ақтөбе қаласында өткен XXXIV ғылыми-практикалық конференциясында ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталған. Осы жылы ҚР Тəуелсіздігінің 17 жылдығына орай өткен Сырдария аудандық ақындар мүшайрасының 2-орын иегері.
2012 жылы Түркия Республикасы Өмер Халисдемир университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. 2012-14 жж. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың степендиясын екі мəрте иеленген. 2014 ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Тілдер» олимпиядасында Түрік тілі бойынша 1-орын алған.
2014-16 жылдары Түркияның Измир қаласындағы Докуз Эйлюль университетін қызыл дипломмен тəмамдап, «Филология» ғылым магистрі дәрежесін алған.
2016 ж. Түркия Республикасы бойынша бакалавр, магистрант, докторанттар арасында таңдалған 20 үздіктің құрамына енді.
2016 жылдан бастап Түркияның Кайсери қаласындағы Эрджиес университетінің докторанты. 2017 ж. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері, Ержан Жұмабектің «Шексіздік Шұғыласы» атты кітабын түрік тіліне аударған. Аталмыш кітап Түркия Республикасы «Medeniyetin Burçları» ұйымының қолдауымен "Sonsuzluk Şûlesi" деген атпен Ыстамбұл қаласындағы «Ezgi» баспасында жарық көрген. 2017 ж. Түрік елінің əйгілі жазушысы, драматургі Нежіп Фазыл Кысакүректің «Рейс мырза» атты кітабын қазақ тіліне аударған. Аталған еңбек алдағы уақытта «Ezgi» баспасынан жарыққа шығады. Семей қаласындағы "Zhardem" баспасынан «Қазақша-ағылшынша сөздігі» атты кітабы шыққан. 2018 ж. Қазақ ертегілерін ағылшын тіліне тəржімалаған кітабы «Sharp-witted child», яғни, «Тапқыр бала», - деген кітабы да «Zhardem» баспасынан жарық көрген.
09 қазан 2018 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области