Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»:ЗАРИПА ТАСЫМОВА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»:ЗАРИПА ТАСЫМОВА


«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мақсаты Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында ел дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды елмен таныстыру. Еліміздің дамуы, бейбіт заманда өмір сүруі, тұрақты болуы алуан түрлі тұлғалардың, сан түрлі тағдырлардың еңбегінің нәтижесі. Көп жағдайда, осы көп еңбекті атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. «100 жаңа есім» жобасы бұл кеткен олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Бұл жобада Қазақстанның әр түрлі өңірінде өмір сүретін, әр түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің табысы, табысқа жету жолдары баяндалмақ. Олардың ел дамуына қосқан үлесі, бүгінде қосып жатқан пайдасы баяндалмақ еді. Еліміздің білім саласының дамуына үлес қосып келе жатқан қызылордалық ұстаз Зарипа Тасымова аталған жобаға үміткер ретінде тіркелді.
Зарипа Жаппарқызы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, осы аталған оқу орнын тәмамдаған. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен №29 мектеп директоры қызметіне ауысты. Ол 1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Зарипа Жаппарқызы Сыр өңірінің ақын-жыраулары, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз, қуғын-сүргін құрбандары, ұлағатты ұстаздар өнегесі, ауыл, мектеп тарихы жайлы деректер жинақтап, оқушылардың рухани дүниесін байытуға аянбай еңбек етіп келеді.
Саналы ұрпақ, сапалы тәрбие берудегі еңбегі еленіп, 2015 жылы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Таңғалдырған таңғажайып таланттар» өнер фестиваліне қатысып, дарынды шәкірттер дайындағаны үшін «Лидер образование» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойлық медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталған. 2017 жылы Орта Азия мемлекеттерінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығы Қазақстан Педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ұйымдастырған республикалық «Үздік директор» конкурсында жеңімпаз атанып, «Үздік директор» медалін иеленді. Шәкірттері республикалық байқауларда жеңімпаз атанып жүр.
17 қазан 2018 ж. 565 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области