«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ЕРБОЛАТ СҰЛТАНБАЕВ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беріп, көпшілікке танытуды қолға алған болатын. Аталған «100 жаңа есім» жобасына үміткерлердің бірі – Ерболат Сұлтанбаев.
Ол Қармақшы аудандық оқушылар үйінінің қызметкері, роботехник, шәкірттері республикалық сайыстардан жүлделі оралып жүр.
2015 жылы Қызылорда «Қызмет» колледжінің өмір қауіпсіздігі және валеология пәнінің негізгі орта білім беру мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі кезде сырттай Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша оқиды.
Ерболат Қармақшы аудандық оқушылар үйінде 2015 жылы «Жас техник» үйірмесін жүргізсе, ал 2017 жылдан бастап үйірме атауы жаңғыртылып «Робототехника» болып өзгерді. Аталған жылдары үйірме оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
Сонымен қатар, «ЕХРО LAND - 2016» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде өзінің ғылыми зерттеу жұмысын көрсетіп, жас ұрпақтың жаңаша ойлауына және ғылым негіздерін меңгеруіне қосқан үлесі үшін алғыс хатпен, «ҚАЗРОБОТИКС» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің арнайы марапатына ие. Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауына қатысып сертификатпен, «RoboLand 2018» ІV халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестиваліне қатысып сертификатпен марапатталды.
Ол алдағы уақытта 3D принтерлері арқылы туған ауылының сәулетіне, көркеюіне өз үлесін қосу, балалардың робототехникаға қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі жобаларды іске асыруды жоспарлауда.