Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: БАҚЫТБЕК ЖАМАНТАЕВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: БАҚЫТБЕК ЖАМАНТАЕВ


Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне келесі үміткер қызылордалық Бақытбек Жамантаев.
Ол амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана» ШЖҚ КМК-на қарасты хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер-хирург.
Бақытбек Мырзабекұлы 1972 жылы 17 мамырда Шиелі ауданы, Алғабас ауылында туған. Ол Қызылорда медициналық училищесін үздік бітірген. Сонымен қатар, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі мамандығы бойынша білім алған.
Дәрігерлік еңбек жолын Шиелі аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастаған. Әр жылдары аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС-нің «Демеу-Шиелі» филиалының медициналық-санитарлық бөліміне дәрігер-хирургы, медициналық-санитарлық бөлімнің бас дәрігері болып еңбек етті. 2011 жылдан бүгінгі күнге дейін «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» МКҚК хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
Бақытбек Мырзабекұлы білікті маман ретінде медицинаның ең үздік жетістіктері мен технологияларын игеріп, жұмыс барысында кеңінен пайдаланады. Ол республикалық, облыстық деңгейдегі хирургиялық диагностика және емдеу тәсілдеріне байланысты ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндамалар оқыған. Волейбол, футболмен белсенді айналысады, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрама командасының мүшесі. Білікті дәрігер Б.Жамантаев 2015 жылы облыстағы «Жылдың үздік дәрігері» номинациясының иегері. Әр жылдары аудандық, облыстық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталған. Ол өз саласының мықты маманы ретінде көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген азамат.
19 қазан 2018 ж. 605 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области