Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАҚПАЛКӨЛ МАҚТАНЫШЫ

МАҚПАЛКӨЛ МАҚТАНЫШЫ

Туған жердің қасиетін сезініп, оның дамуына елеулі үлес қосу әрбір азаматтың міндеті. Туып өскен өлкенің гүлденгені, оның абырой, беделінің артуы сол мекеннің әрбір тұрғынына мақтаныш сезімін сыйлайтыны белгілі. Туған жердің қадір-қасиетіне жетіп, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосып келе жатқандардың бірі Әліби Бекжанов.
Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Жомарт жүрек» байқауы бойынша Жалағаш ауданынан «Туған өлке» номинациясына ие болған.

Әліби Бекжанов Жалағаш ауданы, Жаңаталап (қазіргі Мақпалкөл) ауылының тумасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, қарапайым отбасында тәрбие алған ол қазірдің өзінде де қарапайымдылығынан танған емес.
1991 жылы Жамбыл гидромеллирация құрылыс институтының Қызылорда филиалына оқуға тусіп,1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлер институтын бітіріп, инженер гидротехник мамандығын алып шыққан. 1996-2006 жылдар аралығында Мақпалкөл ауылындағы Т.Жүргенов атындағы өндірістік кооперативінде инженер-гидротехник болып жұмыс істеген.
2003 жылы “Ер-Әлі” шаруа қожалығын ашып, қазіргі уақытқа дейін егін шаруашылығын дамытып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып жылдан-жылға шаруашылығын ұлғайтып келеді.
Ауыл мектебіне, балабақшаға демеушілік қолын созып қаржылай да, заттай да көмек жасауда. Соның айғағы жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында №117 Ә.Оңалбаев атындағы орта мектебіне шаруашылық атынан спорттық жаттығу залын ашып, жаттығу құрылғыларын және ауылдық мәдениет үйінің көрермендер залына 220 орындық тарту етті.
Оның қамқорлығы мұнымен біткен емес. Жыл сайын ауыл балабақшасына 250 кг күріш жеткізіп береді. Сонымен қатар қарттар күні қарсаңында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жаны бар әр отбасыға 25 келі күріштен үлестіріп, жылына 1 тонна 275 келі күріштен демеушілік көмек жасап келеді. Өткен және биылғы жылы қарамағындағы 3 жұмысшысына өз қаражаты есебінен үй салып берген.
Ауылдастарына жанашыр Әліби Бекжанов Жалағаш аудандық мәслихатының депутаты. Халқының қалаулысы «Құрмет» орденімен наградталған. Сонымен қатар, ҚР Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Әр жылдары облыс, аудан әкімінің «Алғыс хаттарына» ие болып келеді. Елге еткен еңбегі жоғары бағаланып «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдары да табысталған.
Әліби Бекжановтың үлгілі отбасы облыс көлемінде өткізілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында жүлделі 1 орын иеленген.
29 қазан 2018 ж. 856 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области