Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НӘЗІК ТЕ, ҚАЙРАТТЫ – МАРИНА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НӘЗІК ТЕ, ҚАЙРАТТЫ – МАРИНА


Нәзікжанды бола тұра бір мезетте күш иесі болу әйел заты үшін оңай емес. Өзіне қарай соғылған ауыр соққыларға төтеп беріп, өзі таңдаған жолында жеңіске жетуді көздеген, сол арқылы елінің атын әлемге паш етуді мақсат еткен боксшы Марина Вольнова ерлерге тән мінез көрсетіп келеді. Әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы Марина Вольнованың есімі Лондонда өткен Олимпиададан кейін спортсүйер қауымға етене таныс. Марина жазғы олимпиада ойындарында әйелдер боксынан елімізге жүлде әкелген алғашқы спортшыға айналды.
Марина Вольнова еліміздегі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Сыр өңірінен үміткер ретінде қатысуда.
Марина Вольнова бокспен 6 жасынан айналысып келеді. Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері ол 2010 жылы Азия чемпионы болды. Әрине, мұндай жеңістің оңайлықпен келмейтіні белгілі. Әсіресе, бокста өзіңді мойындату оңай емес. Шынында, спорттың қай түрінде болмасын жеңіске жету қиынның қиыны. Спортшылардың жеңіс тұғырында тұрып, елін әлемге паш ету біздер көрермендерге оңай көрінгенімен, оның сол жеңіске дейінгі жеткен жолы, спорттағы қадамдары беймәлім.
Былғары қолғап шебері Марина Вольнова да бабы мен бағы қатар келген спортшылардың бірі. Сыр елінің мақтанышына айналған ол әлем чемпионатының күміс жүлдесіне де қол жеткізген. Бұл енді қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында келген жеңіс екенін айта кету керек.
02 қараша 2018 ж. 739 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области