Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ҒАЛЫМБЕК ЖАҚСЫЛЫҚОВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ҒАЛЫМБЕК ЖАҚСЫЛЫҚОВ


Қай салада болмасын белсенділік танытып жүретін, кәсіпкерлік саласында мол тәжірибесі бар Ғалымбек Жақсылықов «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жалпыұлттық жобасына Қызылорда облысынан үміткер. Жастайынан кәсіпкерлікпен айналысып, бұл саланың қыр-сырын меңгерген Ғалымбек Жақсылықов қазіргі таңда Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры, «Аквалайн» ЖШС-нің құрылтайшысы.
Ол 1977 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда ауыл шаруашылығы техникумын «Шаруашылық қызметіне бухгалтерлік есеп және талдау жүргізу», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Агробизнестегі экономика және менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген. Білімін шыңдауды ешқашан кеш санамаған кәсіпкер Алматы менеджмент Университетінің МВА бағдарламасын (Іскер әкімшілік магистрі) аяқтаған.
«Жігітке жеті өнерде аз» дегенді ұстанатын Ғалымбек Жақсылықов жас күнінен спортпен айналысып, оның ішінде каратэ-до және күрес түрлерінен спорт шебері. Ол «Қызылорда облысының каратэ-до және күрес өнерлері Федерациясы» ҚБ-нің төрағасы. Сондай-ақ Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Өңірлік кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін қатар алып жүр. 2015 жылдан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанындағы Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы.
Ғалымбек Жақсылықов қалалық мәслихаттың депутаты ретінде өзі сайланған ауылдың абаттануына және ауыл тұрғындарына қайырымдылық көмектерін жасап келеді.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасына басшы болып келгелі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Жер телімдерін бизнес өкілдеріне аукцион арқылы беру туралы бастамасы республика көлемінде тың жаңалық болып, Үкімет, «Атамекен» ҰКП тарапынан қолдауға ие болып, бүгінде өзге өңірлерге де енгізілуде.
Ғалымбек Жақсылықовтың іскерлік әлеміндегі еңбегі өзінен кейінгі жастарға үлгі. Оның қазіргі күні атқарып жүрген жұмысы ауыз толтырып айтарлықтай.
02 қараша 2018 ж. 566 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области