Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ВЕНЕРА ГАФУРОВА

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ВЕНЕРА ГАФУРОВА


«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі бойынша үміткерлердің қатарында Қызылорда облысының кәсіпкері Венера Гафурова бар. Қашанда қолдан келген көмегін аямай, қайырымдылық шараларына қатысып, мұқтаждарға қол ұшын созатын Венера жаны жомарт жан.
Ол Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Татар этно-мәдени бірлестігінің белсенді мүшесі ретінде үнемі мәдени-көпшілік шараларға қатысады. Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген кәсіпкер мұқтаж жандарға қол созып, қайырымдылық шараларға бастамашылдық танытады. Беделді де, белсенді нәзікжан бүгінде 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларына, мүгедек жандарға қаржылай дәрі-дәрмек және материалдық көмек көрсетеді.
Венера Гафурова Қарағанды облысы су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы көмек қолын созғандардың бірі. Аймақтағы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына тұрақты көмек беріп келеді. 2016 жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасының иегері атанды. ІІІ республикалық меценаттар форумында «Жомарт жан» медалімен марапатталған.
Ол 1989 жылы 9 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Нархоз» экономист мамандығы бойынша, 2013 жылы «МАБ» Халықаралық Бизнес Академиясының магистратурасын бітірген.
Алғаш еңбек жолын «Торғай Петролеум» АҚ-да экономист қызметінде бастаған ол 2007-2013 жылдары «Энергомонтажавтоматика» ЖШС қаржы директоры лауазымында болды. Бес жылдан бері мұнай өнімдерін көтерме сататын «Alef trade» ЖШС директоры қызметін атқарады, сондай-ақ ол «Персона» сұлулық салонының иесі.
06 қараша 2018 ж. 703 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области