Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақ жаңа әліпбиді игеруге қабілетті

Қазақ жаңа әліпбиді игеруге қабілетті


Латынша қазақ әліпбиін игеруге қазіргі біздің қазақ қоғамы дайын. Әрбір ұлттың жазу-сызуы, әліппе, таңбалардың өзгеруі үлкен әлеуметтік, саяси мәселелермен астасып жүретіні белгілі. Біздің қазақ қауымы да, жұрты да сонау түрік заманынан бері талай жазуларды өзгертті. Өзіміздің алғашқы төл жазуымыз түрік жазуынан бастап, одан кейін түрлі саяси әлеуметтік жағдайларға байланысты ауысып отырған. Ұйғыр әрпімен жазған кезіміз де болды. Одан кейін араб әрпіне көштік. 20 жылдың басындағы әлеуметтік саяси өзгерістердің кезінде жаңаша жеңілдетілген жаңа алфавитке ауыстық. Одан соң латын алфавитіне ауыстық. Кейін латыннан кириллицаға ауыстырдық. Осындай үлкен жолдарды біз басымыздан кешірдік.
Дегенмен де, қазіргі таңда көптеген ұлттар өздерінің төл жазуларын ұстап қалуға тырысып отыр. Тіпті мынау өзіміздің іргелес көршілеріміз Армения, Грузия сынды елдер жаңа ғасырдың басындағы жазуларын сақтап келеді. Кириллица 13-14 ғасырдан бастап шыққанын білеміз. Өркениетті елге ұмтылған әрбір ел өзінің жаңа төл жазуын, төл мұраларын ешқашан да естен шығармауы, ұмытпауы керек. Біз де төл мәдениетімізді ұмытпауымыз керек. Сондықтан да жоғарғы оқу орындарында, жоғарғы сыныптарда түрік жазуларына арнаған курстық сабақтар өткізіп, оларға үйретуге және одан көзжазбауға тырысуға міндеттіміз деп ойлаймын.
Қазіргі әлем елдері дүниежүзілік өркениетке латын жазуы арқылы ұмтылып жатқан тұста біз де оған осы алфавит арқылы жақындай түспекпіз. Яғни, мәдени интеграцияға латын әліпбиі арқылы жақындаймыз.
Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Бұдан біз ұтпасақ, еш нәрседен ұтылмаймыз. Екіншіден, жаңа алфавитке өтудің өзіндік қиындықтары бар деп жатыр. Оның ешқандай қиындығы жоқ. Біздің жастарымыздың бәрі ағылшын, неміс, француз сынды шет тілдерін еркін меңгерген. Олар біздің латын алфавитін еркін меңгеріп кететіні сөзсіз. Бұл жағынан олар сауатты. Сол себепті де бізге ешқандай қиындық туындап тұрған жоқ. Өзіміздің ұлттық тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін білдіретін төрт-бес әріптің төңірегіндегі мәселе бар еді. Ол да өз шешімін тапты. Жалпы, мұндай латынша қазақ әліпбиін игеруге қазіргі біздің қазақ қоғамы дайын деп ойлаймын.

Әнес САРАЙ
Жазушы,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
09 қараша 2018 ж. 554 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области