Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлем архивтерінен мол қазына табылады

Әлем архивтерінен мол қазына табылады


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осыдан біршама уақыт бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы іспетті. Бұл жолғы бағдарламалық мақала ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыттың мәнін ашып көрсетумен, тарихи сананы жаңғыртудың нақты бағдарын белгілеумен ерекшеленді. Мақала тарих, әдебиеттану, архив, археология, кинематография, тағы басқа бірнеше салалардың болашақтағы бағдарын айқындап беруімен де құнды.
Елбасының «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деуінде мән бар. Өйткені, тарих – аңыз-әфсаналарға, ел аузындағы әңгімелерге емес, нақты ғылыми деректерге сүйенетін ғылым. Осы тұрғыда ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік архивтеріне іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасын жасау бастамасын қуанышпен қабылдадым.
Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздік жылдарындағы табысты жүзеге асқан мемлекеттік бағдарламалардың бірі – «Мәдени мұра» аясында еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтар қайта қалпына келтірілді. Дегенмен әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін, ғылыми айналымға енгізуді күтіп жатқан деректі құжаттар жетерлік. Мақалада тарихшылар, деректанушылар мен мәдениеттанушылар бірігіп жасайтын жұмыстың бағдары көрсетілген.
Мен Орынбор, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа қалаларындағы архивтерден зерттеу еңбектеріме қатысты бірталай құнды дүние таптым. Бұл архивтерде біздің еліміздің тарихына, тұлғаларына қатысты уақыт шаңынан аршылмаған деректер мол. Бауырлас Өзбекстанның Ташкент, Самарқан қалаларының архивтеріне қолымыз жететіндей мүмкіндік жасалса, сол жақтағы бай мұраларымызды ғылыми айналымға енгізсек, тарих ғылымының жаңа белесіне көтерілер едік.

Серікбай ҚОСАНОВ,
облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының
бөлім басшысы.
21 қараша 2018 ж. 712 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области