Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық рухты ұлықтау

Ұлттық рухты ұлықтау


Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында мақаласы жарық көрді.
Осыдан бір жарым жыл бұрын Тұңғыш Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының шыққаны белгілі.
Екі мақала да бірін-бірі толықтыратын шығармашылық кемел ойдың жемісі. Автор бүгінгі ой-орамдарында Дала өркениетінің ғаламдық маңызға ие 7 қырын ашып көрсете отырып, ұсынылған 6 жобаны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыратынын атап өткен.
Менің ойымша, мақаланың тарихи-философиялық мәні – «Кеңістік-барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі» делінген терең тұжырымда жатыр. Бұл ретте автор «уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихының басталатынын» дөп айтқан. Осы байлам негізінде елдің тарихы дегеніміз - әр кезеңде өмір сүрген кезкелген адамның санасында уақыт пен кеңістіктің бейнеленуі болып шығады. Егер, «Тарихты тұлғалар жасайды» деген қағидаға қол қойсақ, адами капиталдың маңыздылығы сүт бетіне шыққан қаймақтай айқын көрінеді. Қорыта айтқанда, ұлт тарихы автор пайымдағандай кеңістік, уақыт және адам факторларына иек арта отырып қалыптасады, тұтас сипатқа ие болады.

Мақаланың бірінші бөлігінде автор әлемдік өркениетке қомақты үлес қосқан қасиетті қасиетті «Жеті қазынамыздай» ұлт өркениетінің 7 қырына тоқталады. Осылар арқылы тарихымыз бен мәдениетіміздің тамырларының тым тереңде жатқанын қолмен қойғандай көз алдымызға әкеледі. Бұған қоса, әлемдегі түркі тектес халықтардың түп Отаны – Қазақстан екенін байыппен баяндайды. Әсілінде, мұрагерліктің бізге зор жауапкершілік жүктейтінін әрқайсымыз ұдайы сезініп жүруге міндеттіміз.
Автор мақаланың екінші бөлімінде тарихи сананы жаңғыруға қатысты тың жобалар ұсынған. Олар «Архив-2025», «Ұлы Даланың Ұлы есімдері», «Түркі әлемнің генезисі», «Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дана фольклоры мен музейінің мың жылы», «Тарихтың кино өмірі мен телевизиядағы көрінісі» деген атаулармен берілген.
Осы атауларға қарап-ақ, Елбасының ұлт руханиятына деген шексіз қамқорлығын сезінуге болады. Аталған жобалар үздіксіз рухани дамуымыз арқылы жаңа мәдени сатыға көтерілуімізге баға жетпес тарихи мүмкіндіктер тудырып отыр.
Осы басым бағыттар мен дала өркениетінің қасиетті қырларын нақты жобалар арқылы іске асыру алдағы ортақ міндетіміз болмақ. Ұлт руханиятын кемелдендіретін, әркімнің өр рухын оятатын осындай міндеттердің негізінде хакім Абайдың «Толық адам», Шәкәрім қажының «Ар ілімі», Ж.Баласағұндай данамыздың «Жомарттық», Қ.А.Яссауи бабамыздың «Хал ілімдері» жатса құба құп.
Мақалада көрсетілген бағыттар мен жобаларды іске асырудағы басты мақсат – бірнеше том кітаптар шығару ғана емес, алдымен ізденіс жұмыстарын кешенді жоспарлау, нақты қаражат көзін анықтау, алынған тарихи-ғылыми және көркем туындыларды заманауи сандық форматта халықтың рухни қажетіне ұсыну болса керек. Киноның көрермені, кітаптың оқырманы көп болғаны абзал.
Егер кезкелген туынды әрқайсымыздың рухани қажетімізге жарап жатса танымымыз өсіп, тұғырымыз нығая түсер еді. Бірлігіміз күшейіп, тірлігіміздің ажары кірер еді деген сенімдемін.

Нұрлыбек Мыңжас
Облыстық «Рухани жаңғыру»
орталығының директоры
21 қараша 2018 ж. 827 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области