Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Уақыт өлшеміне сай өмірлік құндылықтар

Уақыт өлшеміне сай өмірлік құндылықтар

Елбасының кешегі күні жарияланған "Ұлы даланың жеті қыры" атты рухани танымдық мақаласы халқымыздың түп тарихындағы ұлттық ұстанымдар мен өзгеше өмір сүру дағдысын терең түсінуге бағытталған.

Мемлекет басшысы кеңістік пен уақыт өлшеміне сай тарихи сананы жаңғырту мақсатында бірқатар байыпты бастамаларды алға тартты. Оның ішінде "Алтын адам", "Түркі әлемінің бесігі", "Ұлы Жібек жолы" – әлемдік деңгейдегі ұлт тарихының ұлағатты мұралары. Бүгінгі ұрпақ осынау тағылымды тарихымыздан ғибрат алуы тиіс.
Айталық, осыған дейін елімізде іске асырылған "Мәдени мұра" кешенді бағдарламасы аясында көне дәуірден бүгінге жеткен тарихи-мәдени ескерткіштер мен киелі жерлердің тарихын танып-білуге, сондай-ақ, оларды мемлекет қарауына алуға көптеген жұмыстар атқарылды. Ал одан беріде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы ұлттық бірегейліктің үлгісін қалыптастырып, туған жердің тылсым шежіресі мен тарихи тұлғаларын тереңнен тануға негізделді.
Мемлекет басшысы "Ұлы даланың жеті қырын" жан-жақты зерделеуде бірқатар нақты міндеттерді атап көрсетті. Оның ішінде қолға алынғалы отырған "Архив –2025" жетіжылдық бағдарламасы еліміздің ежелден бергі рухани мұрасының зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілуін, сонымен бірге, бүгінгі уақыт талабына сай цифрлық форматқа көшірілуін қамтамасыз ететін болады. Мәселен, бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардың, деректанушылардың, мәдениеттанушылардың отандық және шетелдік ірі архивтермен ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік мол. Оған қоса, қазіргі таңда орта білім беру бағдарламасына енгізіліп отырған «Өлкетану» пәніне ерекше көңіл бөліп, барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құрудың маңыздылығы айтылды.
Қорыта айтқанда, осынау жаһандық өркениет сатысында тарихи сана тұрғысындағы өмірлік құндылықтарымызды уақыт өлшеміне сай ұлықтаудың игілігі мол.

Ғазиза ӘБІЛДА,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
26 қараша 2018 ж. 753 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области