Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Рухани жаңғырудың өзегі

Рухани жаңғырудың өзегі


Мемлекет басшысының«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын өткеннен өнеге алып, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған терең толғам деп бағалауымыз керек. Мұнда Елбасы «Әлемнің жеті кереметі» іспетті Ұлы дала елі мен Ұлы даланы ұран еткен ұрпақтарын мақтаныш ете алатын жеті ерекше қырын қамтып отыр. Мұны жеті бөлікте қарастыруының өзі де жеті атадан бастау алатын қазақ халқының этноерекшеліктерін көрсетсе керек.
Жасыратыны жоқ қазақтың дархан даласын ежелден мекендеген бабаларымыз дүние жүзінің материалдық һәм рухани мұрасына өшпес іздер қалдырды. Оның негізі түпқазығы көшпелі өркениет пен отыршылдық мәдениеттің тоғысында жасалды. Көшпелілер империясының әлем картасына елеулі өзгерістер енгізгені, материалдық мәдениет пен рухани мұралардың бай қазынасын қалдырғаны тарих беттерінде сайрап жатыр. Мемлекет басшысы өз мақаласында осы тарихымызға терең ой салып, түп тамырымызды халқымыздың рухани игілігіне айналдыру үшін және мұны өзге мемлекеттерге таныстыру үшін бүгінгі өркениет жағдайында баршаға түсінікті әрі олардың сұранысына ие болуын қамтамасыз ету жолында жаңғыртуға қатысты маңызды жобаларды қолға алу қажеттігін айтып отыр.
Ол жобалар мақалада «Архив – 2025», «Ұлы Даланың ұлы есімдері», «Түркі әлемінің генезисі»,«Ұлы Даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» деп аталады.
Мақалада «Ұлы даланың жеті қыры: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан - алма мен қызғалдақтың Отаны»,-деп нақтылап көрсетілуінде де үлкен мән бар.
Мәселен, жылқы ұстау мен оны адам игілігіне пайдалану мәдениеті шеңберіндегі технологиялық жетістіктерді адамзат қоғамы сан-мыңдаған жылдар бойы қолданып келді, оны әртүрлі мазмұнда байыта білді. Ал түркілердің, соның ішінде қазақ халқында фольклорлық мұралардың, сонымен қатар музыкалық өнердің мол қазынасы сақталып бүгінгі заманға жетті.Ұлы Жібек жолын, бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі жалғап отыр.
Ендігі жерде Ұлы Даланың көп ғасырлық рухани һәм материалдық мұраларын заманауи технологиялар мен жаңа қалыптасып жатқан цифрлық өркениеттің сұранымына сай қайта жаңғырту бүгінгі ұрпақтың алдындағы міндет. Сондықтан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын өзінің идеологиялық жұмысының платформасы етіп қабылдаған Нұротандықтар бұл бағыттағы жұмыстарда өзінің белсенділігін көрсететін болады.
Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
22 қараша 2018 ж. 925 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области