Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр сүлейлерінің мұралары жинақталады

Сыр сүлейлерінің мұралары жинақталады


Сыр елі талай-талай дүлдүлдерді, сүлейлерді, шайырларды дүниеге әкелген құтты мекен. Бұл өңірде ата бабаларымыздың салып кеткен сара жолы жатыр.
Айта кету керек, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Өздеріңізге белгілі күллі түркі әлеміне ортақ тұлға, ұлы ойшыл Қорқыт атаның мұраларын кейінгі ұрпаққа амантаттау мақсатында Қорқыт ата мұраларын ЮНЕСКО-нің тізіміне енгізу үшін облысымызда көптеген шаралар ұйымдастырылды. Осы жұмыстың нәтижесінде облысымыздың жеті ауданында «қобыз» үйірмелері ашылып, оған кәсіби мамандар дәріс беруде. Сондай-ақ, биыл алғаш рет Сыр елінде «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық қыл қобызшылармен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың байқауы өтіп рухани қауымның көңілінен шықты.
Бабалар мұрасын насихаттау мақсатында Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембекұлы атындағы Жыраулар Үйі, Сәрсенбай жырау атындағы жыр класы (аудандық Әуез мектебі жанында), Арал ауданында Нұртуған шайыр мектебі, Шиелі ауданында Нартай жыр мектептері жұмыс жасап келеді. Бүгінгі таңда осы жыр мектептерінде 206 оқушы дәріс алады.
Ұлттық мұра – жыраулық дәстүрді кейінгі тыңдаушы қауымға насихаттау мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында үстіміздегі жылы 13 қарашада А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Керуен жырдың жалғасы...» атты Сыр бойындағы жыраулық мектеп шәкірттерінің концерті ұйымдастырылып, концертте Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің, Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің, Арал аудандық мəдениет орталығының, Қазалы ауданындағы Байназар Өтепов атындағы жыр үйірмелерінің, Шиелі ауданындағы Нартай жыр мектебінің жəне Қызылорда қаласындағы жыр үйірмелерінің шəкірттері өнер көрсетті. Байқауға әр мектеп өкілдері жыраулары қатысып, өзара пікір алысты.
Алдағы уақытта Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын басшылыққа ала отырып, аға және орта буын өкілдерімен бірлесіп, жоспар құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылады. Сыр бойындағы жыр мектептері мен жыр-терме үйірмелерінің жеке-жеке концерттерін ұйымдастыру, Жыраулық мектептері арасында Сыр бойындағы ақын-шайырлардың терме-қиссаларын орындаушылардың және қобыз үйірме мүшелерінің облыстық байқауларын, «Сүлейлердің жолымен» атты осы Сыр еліндегі жыраулық мектептері шәкірттерінің арасында облыстық байқауын, «Кәусар бұлақ» атты республикалық дәстүрлі өнер фестивалін ұйымдастыру, орта буын жыраулардың шеберлік дәрістерін, облыстық «Атадан қалған асыл жыр» облыстық семинар, лекция-концерттер өткізу және шәкірттерді облыстық, республикалық, халықаралық байқау-фестивальдерге қатыстыру, жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Сүлейлердің жауһар жырларын жаттату, қобызбен сүйемелдеп жыр айту арқылы ұлттық өнерді дәріптейтін тұлға қалыптастыру, жыр әлеміне жаңа есімдер шығару мақсатында «Жыр мұра» жобасы ұсынылып отыр.
Жоба аясында Сыр сүлейлерінің бұрын-соңды көп орындалмай жүрген жырлары, мақам-саздары жинақталып, жас буын таланттарға үйретіледі. Сонымен қатар, өнерпаздарымыздың орындауындағы жыр-термелерден СД-диск дайындалып, аудандық, ауылдық елді мекендердегі мәдениет ошақтарына әдістемелік құрал ретінде таратылатын болады.
Сонымен бірге, Елбасымыз атап өткендей Дала фольклоры мен музыкасының жылы жобасы аясында Сыр сүлейлерінің әлі де жинақталмай жүрген мақам-саздары, жыр-терме, дастандарын жинақтау үшін арнайы экспедиция құрылып, ел арасындағы мәдени мұралар музыкалық антология болып жарыққа шығады деген жоспарымыз бар.

Майра СӘРСЕНБАЕВА,
облыстық халық шығармашылығын дамыту және
мәдени-продюсерлік орталығының жыраулармен жұмыс секторының меңгерушісі.
28 қараша 2018 ж. 939 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области