Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тегіс түркі жұртының қуанышы

Тегіс түркі жұртының қуанышы

Қорқыт мұрасы – тегіс түркі жұртына ортақ. Сондықтан, Қорқыт ата мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енуі – түркі жұртының қуанышы. Әсіресе, Сыр бойындағы халық Қорқыттың есімін ерекше құрметтейді. Аңыз бойынша Қорқыттың зираты бірнешеу болғанымен, Қармақшыдағы зиратты зиярат етеміз, Қызылордада Қорқыт атаға деген құрметтің жылдар бойы қалыптасқан үрдісі бар.
Қорқыт атаның адамзат тарихындағы орны ерекше. Ол есте жоқ ескі заманнан бері шешілмей келе жатқан мәңгілік өмір түйінін тапқан. Мәңгілік өмір бар ма? Адам туады, өмір сүреді, дүниеден өтеді. Бұл – табиғи заңдылық. Аңызда Қорқыт дүниенің төрт бұрышына барса да, өзіне қазылып жатқан көрге кезігетіні айтылады. Сонда ол ажалдан ешкім қашып құтыла алмайтынын біліп, мәңгілік өмірдің кілтін іздейді. Мағжан ақын айтқандай, «Алтайдың алаптарын жалғыз кезіп» жүргенде, өмірді мәңгілік ететін – өнер деген байламға бекиді. Сол жерде қобызынан төккен күйі осы күйлер бүгінге жетті. Бұл күйлер –мәңгілік ғұмыр туралы музыкалық байламдар.
Қорқыт «өмірді өнерге айналдырса, мәңгілік деген осы» деген ой түйіп, күйлері арқылы өнеге қалдырды. Егер өмір өнер дәрежесінде болмаса, адамзаттың жер басып жүруге қызығушылығы болмайды, тірліктен шаршайды. Сондықтан, Қорқыт сияқты ғұламасы бар халықты – Мәңгілік ел деп айтуға толық негіз бар.

Ғарифолла ЕСІМ,
мемлекет және қоғам қайраткері, академик
30 қараша 2018 ж. 760 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области