Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ" ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІНЕ ТАБАН ТІРЕДІ

"ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ" ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІНЕ ТАБАН ТІРЕДІ


    Қорқыт Ата (VIII-IX ғ.ғ.) – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыттың туып-өскен жері – Сыр суының аяғындағы Жанкент қаласы. Ал, мәңгілік жай тапқан топырақ – Қармақшы ауданы, Қорқыт стансасы.
    Мемориалдық кешен – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде, Қорқыт станциясына жақын табиғи төбе үстінде орналасқан. Қорқыт Ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Кешеннің құрылысы 1980 жылы басталды. Авторлары – Б.Ә. Ибраев, С.И. Исатаев.
    2014 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, кешенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
    Стела – қобызды бейнелейтін төрт элементтен тұрады. Биіктігі 12,1 м, ені 5,3 м, қордай тасынан дайындалған. Әрбір стела әр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін де меңзейді. Түйісер түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Қорқыт Ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін бейнелейтін «Түйе табан» өрнегімен безендірілген.
    Қошқар мүсіні – диаметрі 36,4 м құрайтын шеңберлі алаңда орналасқан. Мүсіннің ұзындығы – 165,5 см, ені – 85 см, биіктігі – 120 см. Қордай гранитінен қашалған мүсін – биіктігі 220 см бес деңгейлі тұғырға қойылған. Тұғырдың мүсін қойылған алаңқайының көлемі – 200х90 см. Қошқар ежелгі арии мен қазақ мифологиясында көктәңірінің олжасы мен теріс күштерден қорғаушы символы болып табылады.


06 қараша 2017 ж. 1 147 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области