Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімді еңбегіммен көркейтемін

Елімді еңбегіммен көркейтемін


Елордада Елбасының қатысуымен өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты форумнан алған әсерім керемет. Сырбойылық жастардың бірі ретінде осы тарихи сәтке куә болғаныма өзімді бақытты санаймын.
Форумда Елбасының айтқан әрбір сөзі, жастарға берген бағыт-бағдары бізді қанаттандырды, жігерлендіре түсті. Елбасы айтқандай, еңбек ету үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Адамға табиғаттан берілетін таланттың 99 проценті еңбекпен келетінін атап айтты.
Мен Аралдың Жаңақұрылыс ауылынанмын. «Қожақұл ата» шаруа қожалығының төрағасымын. Жасым 22-де. Мамандығым – экономист. Оқу бітірген соң кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көрдім. Атакәсіпті жалғастырғым келді. Мен басқаратын «Қожақұл ата» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығын қатар алып келеді. Алдағы уақытта балық шаруашылығын дамыту да ойда бар.
Ел болашағы – біздер, елді гүлдендіруге еңбек етуіміз қажет. Барлық замандастарымды елімізді көркейтуге шақырамын!

Елнұр ЕЛШЕКЕНОВ,
делегация мүшесі.
24 қаңтар 2019 ж. 674 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области