Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауылға жаңа технология жетеді

Ауылға жаңа технология жетеді


Мені қуантқаны, ауылдағы еңбеккер жастарға баса назар аударылғаны. Жастар жылы маңдайы күнге, табаны құмға күйген талай қатарластарымыздың құлшынысын оятпақ. Ауыл жастарының мемлекет қолдауы арқасында фермер, жеке кәсіпкер атану мүмкіндігі ұлғая түсетін болды.
Өзім Жалағаш ауданындағы «Еңбек» серіктестігінде бас агроном қызметін атқарамын. Сондықтан мені қызықтыратын тақырып та ауыл шаруашылығы. Ел Президенті бұл ретте біз секілді егін шаруашылығын қолға алған елді мекендер үшін автоматтандыру жүйесін қолға алу керегін жеткізді. «Цифрлық Қазақстан» жобасы аясындағы мұндай қадамдар – заман талабы. Өндірістің барлығы автоматтандырылып, тетіктер арқылы басқаратын кезең де келіп жетті. Бұл уақытты ұтымды пайдалану мен аз жұмыс күшін қажет етуімен ерекше.
Елбасы бағыт берді, бізге қалғаны тың идеяларды жүзеге асыру. Жастар тарапынан берілген ұсыныс-пікірлер мен тың идеяларға қолдау жасалатынына сенімдімін. Ел болашағы – біздің, жастардың қолында. Мойнымыздағы жауапкершілік жүгі ауыр. Біз соны сезініп, ел мүддесі жолында еселі еңбек етуіміз керек.

Алтынбек ИСАБАЕВ,
делегация мүшесі.
24 қаңтар 2019 ж. 535 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области