Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі

Қызылорда әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жергілікті билік өкілдері көпбалалы аналарды мәселелерімен қабылдады. Кездесуге қатысушылар демократиялы түрде өзінің пікірлерін ашық жеткізіп, диалогтық пікір алмасуға ұласты. Облыс басшылығы еркін ашықтықты ұстанды, бұл өз кезегінде демократияның аймағымыздағы дамуы десекте болады.

Біздің аймақ әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға әркез қолдаулар көрсетіп келе жатыр. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасымен Қызылорда қаласы, Арал ауданындағы қауіпті жағдайдағы үй тұрғындарын, жатақхана тұрғындарын жаңа үйлерге көшірілді. Аймақ жұртшылығының игілігі үшін «Орда» бағдарламасын іске қосты. Қызылорда облысы балабақша, мектеп салудан және жалпы әлеуметтік салаға бөлінген қаржыдан алдыңғы қатарда. Бұл жасалып жатқан қолдаулар әлдеде жалғасын табады деген сенімдемін.
Осы бағытта облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өткім келеді. 2017 жылы арнайы әлеуметтік әлсіз отбасыларға азық-түлікпен және көпбалалы отбасыларға материалдық қолдаулар көрсету, түрлі диагноздармен ауыратын балаларға көмектесу мақсатында арнайы «Мейірім» жобасын іске қостық. Биылғы жаңа жыл қарсаңында мәдени іс-шаралардан бас тартып жас кәсіпкерлермен бірлесе «Қайырымдылық аптасын» жарияладық. Осы жоба аясында 2 жыл ішінде 150 отбасыға адресті, материалдық көмектер көрсеттік. ДЦП диагнозымен ауыратын 10 баланың еміне қаржылай қолдаулар көрсетілді. Алдағы уақытта осы бағытта ауқымды жұмыстар атқару жоспарлануда.

Талғат ТІЛЕСОВ
«Жас Отан» Жастар қанаты
облыстық филиалының төрағасы
13 ақпан 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области