ПАРТИЯЛЫҚ ТЫҢДАУ
Қызылорда облыстық "Жас Отан" Жастар қанатының ұйымдастыруымен мемлекеттік жастар саясатының өңірімізде жүзеге асырылуына байланысты партиялық тыңдау өтті. Жиын "Open Talks" форматында өткізілді. Партиялық тыңдауға "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шынтасов және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары, облыстық жастар ұйымдарының жетекшілері, жұмыссыз жастар және студенттер қатысты.
Аталған кездесуде жастарға қатысты мәселелер қозғалып, еркін пікір алмасып ұсыныстар тыңдалды. Партиялық тыңдау барысында қатысушыларға "Zhas Project" жобасы таныстырылды. Қатысушыларға "Zhas Project" жобасын, жоба менторы Ә.Әліқұлов түсіндіріп, презентация жасады. Жиынның қорытындысын "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес "Нұр Отан" партиясы жастар мәселесін әркез басты назарда ұстайтынын және әркез жан-жақты қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.