Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Домбыра харам дейтін ақындар шықты. Айтысқа солардың кесірі тиді – Жүрсін Ерман

Домбыра харам дейтін ақындар шықты. Айтысқа солардың кесірі тиді – Жүрсін Ерман

Қазақстанда айтысып жүрген 300-дей ақын бар, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қазір жұрт арасында айтыс ақындары туралы әңгіме көп. «Ақындар жік-жікке, топ-топқа бөлініп кетті: сақалдылар мен сақалсыздар, билікшілдер мен халықшылдар, шыншылдар мен жағымпаздар деп бөлінеді» деген әңгіме бар. Сіз қай жағындасыз?
– Халық не десе, сол десін: қазақ қоғамы қалай, айтыс та сондай. Біздің қоғамда қазір неше түрлі діни секталар жұмыс істеп жатыр. Олар маңайын үйіріп әкетеді. Әсіресе, санасы қатаймаған жастар соңына тез түсіп кетіп жатады. Шолақ балақ шалбар кигендер, сақал қойғандар дегендей.
Әлемде ислам дінінің 73 түрлі ағымы бар екен. Қазақстанда да біраз ағымы бар соның. Солар айтысқа қалай әсер етпесін?
Тіпті көрнекті ақындарымыздың сол жолға түсіп кетуіне себепкер болған белді-белді, мүмкіндігі бар азаматтарымыз да баршылық.
Солардың кесірінен, домбыра харам дейтін ақындарымыз шықты. Айтысқа солардың кесірі тиді. Оларды айтыстан шеттеттік. Өйткені, біз айтысты діни саясаттың қолжаулығы ете алмаймыз. Сөйтіп, қазір өздерінің дұрыс жолға түспегендерін сезгендер өлеңге қайтып келіп жатыр.
Соңғы бір айдың ішінде айтыстан шеттеп жүрген Балғынбек Имашев, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан сияқты ақындарымыз өзінің одағына қайтып келіп, «Біз жаздық, жаңылдық. Бізді айтысқа шығар» деп отыр. Біз оларды одаққа қосып жатырмыз.
Міне, осындай уақытша жіктелу болды. «Ондай болған жоқ» деп жауырды жаба тоқи алмаймын. Бірақ «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» деген ғой.
Биыл сол ақындар үлкен айтыстарға қатысады. Ақынның сөзі – Құдайдың сыйы, халықтың қазынасы. Ондай талантты ағым мен изімдердің жетегіне жіберуге болмайды. Біз сол үшін күрестік. Оң нәтижесін беріп жатыр.
04 наурыз 2019 ж. 558 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области