Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үш жылда біліктілікті арттырудың өзектілігі

Үш жылда біліктілікті арттырудың өзектілігі


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деп XXI ғасырдағы білімнің алатын орнына тоқталған болатын.
Әлемде өз дамуы барысында білім саласында тиімді реформалар жүргізіп, солардың нақты жемісін көріп отырған мемлекеттер аз емес. Сингапур, Малайзия, Финляндия, Норвегия, Германия, Ұлыбритания елдері заман талабына, халықтың сұранысына, тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрге сәйкестендіріп, әр оқушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған оқыту бағдарламалары арқылы білім беруде. Яғни, адам капиталын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Мектептегі басты тұлға – мұғалім екендігі белгілі. Сондықтан, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған.
Технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалімнің рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық зерттеулер көрсетуде. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білікті мұғалімдер, кәсіби тұрғыдан жан-жақты дамыған кемел ұстаздар ғана тәрбиелей алады. Жаңа формация мұғалімі мобильді, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, жаңартылған білім беру мазмұнын терең меңгерген, оқушыларда XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыра алатын тұлға болуы қажет.
Соңғы жылдары елімізде ұстаздар жаңартылған білім бағдарламасыбойынша біліктіліктерін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында» және «Назарбаев зияткерлік мектептері» жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығында арттыруда.Жаңа мазмұнмен қамтылған бұл білім бағдарламасы жас ұрпаққа білім берумен шектелмей, алған білімдерін өмірде қолдануға, сыни тұрғыда ойлауға, ғылыми-зерттеушілік және жобалау жұмыстарын кешенді бағдарламалар негізінде жүргізе алуға үйретеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға құқығы бар деп көрсетілген.
Қазіргі жылдам өзгеріп отырған, толассыз ақпараттар ағынының дәуіріндеүздіксіз өзгеріске ұшырайтын білім беру үрдістерін және оны оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін дер кезінде түсініп, оны оңтайлы пайдалана алуда педагогтер үшін біліктілік арттыру курстарының маңызы зор. Ұрпақ тағдырын өз мойнына алған мұғалім әлемде болып жатқан жаңалықтардың шын мәніндегі жаршысы болуы тиіс. Білгенге маржан, білмеске арзан көрінетін білім саласының өзекті мәселелері, шын мәнісінде, телегей теңіз.
Сондықтан, ұстаздардың жиі біліктіліктерін арттырып, білімдерін жетілдіріп отыруы мемлекет үшін де, болашақұрпақүшін де маңызды да, жауапты іс. Осы тұрғыдан қарағанда,педагогтердің үш жылда бір рет біліктіліктерін арттыру арқылы еліміздің білім саласының деңгейін әлемдік стандарттарға теңестіруге болады.
Биылғы жылы Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес қабылданатын «Педагогтардың мәртебесі» туралы заңға 3 жылда бір рет біліктілігін арттыру мәселесі енгізілсе, еліміздің барлық педагогтеріне көрсетілген үлкен әдістемелік көмек болар еді деген сенімдеміз.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, сол бесікті түзетіп, түлететін ұстаз мойнына үлкен жауапкершілікті жүктей келе, уақыт сынынан сүрінбей өту үшін, біліктілікті уақытылы арттырып, кәсіби жағынан үнемі шыңдалу отыруы қажет.

Мейіркүл Ешпанова,
Қызылорда қаласындағы №253 орта мектептің мұғалімі
12 наурыз 2019 ж. 546 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области