Қазалыдағы Жанкент қалашығы қайта жаңғырады
Kyzylorda-news.kz. Ортағасырлық Жанкент қалашығы республикалық маңызы бар ескерткіш. Ол Қазалы ауданы Өркендеу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 метр жерде орналасқан.

Биылғы қазба маусымында қалашықтың Шахристан бөлігінде орналасқан тұрғын-үй кешеніне, ескерткіш цитаделінің солтүстік қабырғасынан ашылған мұнаралар мен оған жалғасып жатқан қабырғаларға, қалашықтың шығыс қабырғасының ортаңғы бөлігіне қазба салынып, толық ашылды. Сонымен қатар, тұрғын-үй кешенін сақтап (консервациялау), оның үсті метал жабындымен шатырланды.
Қазіргі таңда республикалық бюджет есебінен қалашықты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.






