Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық құтқарушылар кроссфит мықтыларын анықтады (ФОТО)

Қызылордалық құтқарушылар кроссфит мықтыларын анықтады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Өрт сөндіру қызметінің ұйымдастыруымен кроссфит спорт түрінен қала көлеміндегі өрт сөндірушілер мен құтқарушылар сынға түсті.

Жарысқа Департаменттің және Қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінен, Жедел-құтқару жасағынан құралған 8 команда қатысты. Сайыс шарттарына сәйкес өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімімен қатысуы кроссфиттегі ауыр қимыл қозғалыстарына айтарлықтай қиындық келтірді.
Байқау барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі О.Бержанов барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша 18-35 жас аралығында сынға түскендер арасынан 1 орынды Қызылорда қаласы №7 ӨСБ өрт сөндірушісі Б.Майлыбаев, 2 орынды Қызылорда қаласы №6 ӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Н.Жалғасов, 3 орынды Қызылорда қаласы №1 МӨСБ аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Қ.Өмірзақов иемденді.
35 жастан жоғары мамандар арасында 1 орынды Қызылорда қаласы №4 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Р.Ердәулетұлы жеңіп алды.
Ал, 2 және 3 орындарға Қызылорда қаласы №5 ӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Қ.Құлахметов пен Жедел-құтқару жасағы сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің бас-құтқарушысы Б.Әлжанов тұрақтады.
Жалпы командалық есепте 1 орынды Қызылорда қаласы №7 ӨСБ еншіледі. 2 орын Қызылорда қаласы №4 ӨСБ бұйырса, 3 орынды Жедел-құтқару жасағы иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған командалар Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында марапатталады.





20 тамыз 2019 ж. 535 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области