Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды (ФОТО)

Қазалыда Елеу Көшербаевты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың 90 жылдығына орай кадеттер арасында грек-рим күресінен ХІV халықаралық турнир басталды.
Байрақты бәсекеге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан Республикалары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласы және Қазақстанның өзге де облыстарынан келген балуандар 10 түрлі салмақ (45, 48, 51, 55, 60, 65, 71, 80, 92, 110) дәрежесі бойынша бақ сынауда.
Турнирдің ашылу салтанатында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Қызылорда болысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, күрестен Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, белгілі балуан Дәулет Тұрлыханов, «РЗА» АҚ президенті, Қызылорда облысы және Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов және мемлекет және қоғам қайраткері Айтбай Көшербаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, байрақты бәсеке Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде өтіп жатыр.
Халықаралық турнир 9 қазанға дейін жалғасады.







08 қазан 2019 ж. 799 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области