Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда Дәуірхан Айдаровқа көше атауы берілді (ФОТО)

Қазалыда Дәуірхан Айдаровқа көше атауы берілді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде мемлекет және қоғам қайраткері Дәуірхан Айдаровқа көше аты берілді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сөз сөйлеп, Дәуірхан Жәлиұлының елге танымал азамат екенін атап өтті. Ол барлық өмірін тәрбие ісіне, идеология саласына арнағанын да тілге тиек етті.
Мұнан соң мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Дәуірхан Айдаровтың жары да сөз сөйлеп, естеліктер айтты. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов пен Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың Айдаровтар әулетіне арналған құттықтау хатын оқып берді.
Салтанатты шара соңында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған құрметті қонақтар Дәуірхан Айдаров атындағы көшенің ашылу лентасын қиды.
Айта кетейік, мемлекет және қоғам қайраткері Дәуірхан Айдаровтың есімі Әйтеке би кентінің Жанқожа 3 шақырым аймағында жаңадан ашылған көшеге берілді. Бүгінгі таңда ұзындығы 1,2 шақырым болатын көшеде 90-ға жуық тұрғын үй бар.




19 тамыз 2019 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области