Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Поэзия тарланы Мұқанбетқали Шыңғысовқа көше атау берілді

Поэзия тарланы Мұқанбетқали Шыңғысовқа көше атау берілді

Қармақшы ауданы Жосалы кентінде поэзия тарланы Мұқанбетқали Шыңғысов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ашып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығы, оның елімізге танымал болған жауһар жырлары жайлы сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді.
Мұқанбетқали Шыңғысов ақын-жазушы, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы», өмірін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз.
Шарада сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, ақынның баласы Бағлан Айдынәлиев естеліктер айтып, ыстық ықыласын білдірді.
Атпал азамат есімін ұлықтау шарасы одан әрі «Мәлике ана» салтанат сарайында жалғасты. Ақын ұрпақтары мен №85 орта мектеп көркем өнерпаздарының ұйымдастыруымен әдеби-монтажды кеш өтті. Кеште Шыңғысовтар әулеті ұрпақтары мен мектеп оқушылары ақынның шығармаларынан өлең оқыса, әншілер ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, тыңдарман көзайымы атанды. Шара соңында ақынның рухына арнап ас берілді.



25 желтоқсан 2018 ж. 612 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области