Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АҚЫН ЖАДЫРА ДӘРІБАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ

АҚЫН ЖАДЫРА ДӘРІБАЕВАНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НАСИХАТТАЛДЫ


    Сырдария ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесіне орай белгілі ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі Жадыра Дәрібаеваның шығармашылығын насихаттау мақсатында мектеп оқушылары арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
    «Ақша бұлттан елге сәлем жолдаған» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу сайысы ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов ауылдық клубында өткізілді. Сайыс барысында оқушылар ақынның Туған жер, Отан, егемендік және Қазақ елінің жарқын жетістіктерін баяндайтын жырларын оқыды. Сайыс барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде кеңкөлемді мағлұмат берілді. Сайыс барысында дарындылығымен танылған оқушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Айта кету керек, Сырдария ауданының 90 жылдық мерекесі аясында үстіміздегі жылы ақын, "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" Жадыра Дәрібаевамен кездесу кеші өтеді деп жоспарлануда. Кездесу кешіне ақынның өзі қатысып, оқырмандармен кездеседі деп күтілуде.



26 ақпан 2018 ж. 962 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области