Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АЛТЫН КҮЗ, ӘСЕМ АЙНАЛАМ, ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ СЫЙЛАҒАН»

«АЛТЫН КҮЗ, ӘСЕМ АЙНАЛАМ, ЕЛІНЕ БЕРЕКЕ СЫЙЛАҒАН»


    Арал қаласындағы №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында «Алтын күз, әсем айналам. Еліне береке сыйлаған»-атты күзгі бал кеші өткізілді.
    7-10 сынып оқушылары қатысқан сайыс «Таныстыру», «Күзгі вальс», «Өнерің өрге жүзсін», «Сән үлгісі» және «Үздік сурет және икебана» атты 5 кезеңнен тұрды.
    Төрт жұп қатысқан сайысқа №2 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернат директоры Қ. Дәулетова, «Жас Отан» ЖҚ Арал ауданы бойынша төрағасы Әнуар Тоқтамысов, «Жастар ресурстық орталығы» мамандары Дархан Меңдібаев пен Сымбат Қубекова, мектеп психологы Ұлболсын Құлтаевалар қазылық етті.
    Сайыс қорытынысында 1 орынды 7 сынып иеленсе, екінші орын 9 сыныпқа бұйырды, 8 сыныптан қатысқан жұп үшінші орын иегерлері болып танылды.
    Күзгі бал кешінің Ханзадасы мен Ханшайымы тәждерін 10 сынып оқушылары Нұрдәулет пен Айша иеленді. Сайыс жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталды.


16 қараша 2017 ж. 1 198 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области