Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕНІҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫМ

МЕНІҢ ЖАУҺАР ЖЫРЛАРЫМ


        Елбасының «Болашаққа бағдар. рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінде ақын Анарбай Мырзахметовты еске алу кеші өтті.
       Кешке марқұмның жары мен ұлы арнайы шақырылып, оқырмандармен кездесті. Көктем әуенін жырлаған ақын жүрегімен поэзия әлеміне із қалдырған жанның шығармашылығын қайта жаңғырту үшін бас қосқан ұстаздар мен шәкірттер ақынның төл туындыларымен жақын танысты.
       «Жақсының өзі көзден кетсе де, көңілден кетпейді» демекші, бүгінгі кеш иесінің шығармаларын жатқа айтқан жас талапкерлер жауһар жырды жүректерге жеткізе білді.
       Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында өткен бұл рухани шарада оқушылар ақынның туған жер жайлы өлеңін терең термеледі.
       Ақынның «Ауылым менің», «Қызылордам – менің жүрегім» өлеңдері өзгеше өрнек тапты. Ақын жаны қашанда табиғатпен үндес табады. Анарбай ақынның «Қыс суреті», «Көктем келді, «Табиғат жерге төседі кілем» тақырыбындағы өлеңін оқығанда суреткердің тылсым дүниені тереңнен тани білген шеберлігіне тәнті боласың.
       Көңілді күй, сезімдер шымшылады,
       Дала – жігіт, қыз – көктем қымсынады.
       Бойжеткеннің ақ бантик бұрымында,
       Жас жігіттің жүзінде күн шуағы.
– Анарбай – өлең үшін жаралған жан еді. Ол қаламынан шыққан әрбір туындысы өмірге келгенде ерекше қуанатын еді. Міне, бүгін өзі болмаса да, оның өлмейтін поэзиясы соңында қалған халқының жүрегінде екеніне көзіміз жетіп отыр. Сол үшін осы кешті ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Ал, қалам тербеген шәкірттерге айтарым, ақын армандап өткендей асыл қасиетті пір тұтып, поэзия биігіне көтерілуіне тілектеспін, – деді ақынның жары Баян Садуақасқызы.
       Одан әрі сөз алған ақынның ұлы Даурен Мырзахметов те ізгі ниетін білдіріп, ұйымдастырушыларға рахметін жеткізді.
       Жалпы, Анарбай Мырзахметов шаруашылық, есеп саласында еңбек ете жүріп, өлең өлкесінде өмір сүрді. Қызметте де абырой биігінен көрініп, өз саласының өрлеуіне де үлес қосты. Соңына өшпестей өлең қалдырды.
       Кеш барысында қаламгер Файзулла Сахиев, Әзия Қыстаубаева, Мәдениет Тотаев пен Роза Сәмединова жылы лебізін арнады.
       – Басқа салада қызмет жасаса да Анарбай ақынның поэзия әлеміне жақындығын бала кезден білеміз. Төл туындылары оқырмандар жүрегіне жетіп, бүгінде шәкірттердің ақын есімін қайта жаңғыртып жатқанын көріп көңіліміз марқайып қалды. Ақын өзі болмағанымен, өлеңі біздің жанымызда қалды, – деді әріптесі Файзулла Сахиев.
       Әли ТЕМІРБЕК
30 мамыр 2018 ж. 1 046 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области