Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балалардың қауіпсіз демалысы

Балалардың қауіпсіз демалысы

Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары балалардың демалысын қауіпсіз өткізуге байланысты кеңес береді.

Жаз мезгілі балаларға күнге күйіп, суға шомылуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға көптеген қауіптер де төндіруі мүмкін. Бұл көптеген факторлармен байланысты. Жазда балалар лагерге, ата-апасының жанына ауылдық аймақтарға жіберіледі, олар әлбетте суға шомылғысы келеді, сонымен қатар күннің ыстығы, жәндіктер мен тез бұзылатын тағамдар - осының барлығы балалар үшін түрлі қауіптер әкеледі.
Ата-аналарға балаларына өте мұқият болу қажет, өйткені демалыс орындарында түрлі қауіптер төнуі мүмкін.
Жазғы демалыс кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері балаларды қорғауға мүмкіндік береді.

Жәндіктердің шағуы
• Жаз келе шыбын, маса, сона, кене, құрт-құмырсқа сияқты түрлі жәндіктер мен шыбын-шіркейлер көбейе бастайды.
• Үй-жайда олардан фумигатордың көмегімен құтылуға болады. Балалар бөлмесі үшін желі арқылы жұмыс істейтін фумигатор қолданған жөн, өйткені ол жанатын шиыршыққа қарағанда оттекті өзіне сіңіріп алмайды. Терезеге қапталған москит торы немесе қарапайым дәке – балаларды жәндіктерден қорғайтын маңызды элемент болып табылады.
• Серуендеу кезінде балаларға арнайы репеллент майлықтары көмектеседі, олардың құрамына сіңірілген ерекше иіс ұшып жүрген «басқыншыларды» бірнеше сағат бойы үркітіп қашырады.
• Балараның, сонаның немесе араның шағуы кейде анафилактикалық шок және астматикалық ұстамаға дейін күрделі аллергиялық әсердің пайда болуына әкеледі. Мұндай жағдайларда баланы шұғыл түрде ауруханаға емдеуге жатқызу қажет.
• Баланы кененің шағуынан қорғау үшін шашты және дененің ашық жерлерін жабу қажет – басына бас киім, кеудесіне жеңі ұзын жейде, аяғына балағы ұзын шалбар, жабық аяқ-киім кигізу қажет.

Күнге күю және ыстық өтіп кету
• Далаға шығар алдында баланың басына міндетті түрде бас киімін кигізіңіз.
• 6 айдан асқан балаларға кемінде 15 бірліктік қорғаныс факторы бар күннен қорғайтын крем жағып қою қажет.
• Күн бұлтты болса да, қорғаныс кремді дененің ашық жерлеріне әр сағат сайын, сондай-ақ шомылғаннан кейін де жағып тұру қажет.
• Сағат 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін ультракүлгін сәулелердің үдеп тұрған кезінде мүлдем күнге күймеген жөн.
• Ашық күн астында 30 минуттан аса жүруге болмайды.
• Бала мерзімімен көлеңкеде салқындап алуы қажет – қолшатыр, қалқа немесе ағаш астында.
• Балаға жеңіл мақта-маталы киім кигізіңіз.
• Күн ыстықта балалар көп су ішуі қажет.

Тағамнан улану
Баланы тамақ ішер алдында қолды жууға немесе дымқыл майлықпен мұқият сүртіп шығуға дағдылап үйретіңіз. Күн ыстықта тез бұзылатын азық-түліктерді тұтынбаңыз.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек жеуге тырысыңыз. Оларды тамаққа қолданар алдында мұқият жуыңыз. Маусымынан ерте шыққан жемістерді сатып алмаңыз.

Көлік оқиғалары
Баланы ерте жасынан бастап жол қозғалысы ережелеріне үйрету қажет.
Велосипедпен жүрген кезде шлем кию қажет, жеке велосипед жолын ғана пайдаланып, көлік қозғалысы бағытында қозғалып жүру қажет, қараңғыда жүруге болмайды, көзге көрінетіндей жарық шағылыстыратын киім киген жөн.
Балаларды жүргін бөлікте жүру дағдыларына үйрету қажет (бағдаршамның түстерін ажырату, тыйым салу белгілерін, жаяу жүргінші белгісін білу).
Балалардың жүргін бөлікте, автобус аялдамаларында ойнауына жол бермеу қажет, тұрақта тұрған екі көліктің арасынан өтуге болмайды.
Жолды бағдаршамнан немесе жаяу жүргінші жолынан өткен кезде телефонмен сөйлесуге болмайды.

Суға кету
Балаларды жүзуге және суға батпай тұру тәсілдеріне үйреткен жөн.
Балалар судың жанында ересектердің қарауында болуы керек, белгіленбеген орындарда жүзбеуі және буйканың арғы жағына шығып кетпеуі қажет.
Құтқару кеудешелері, жүзу бассейндерінің айналасындағы қоршаулар, қауіпті су қоймаларының қоршаулары және шұғыл алғашқы көмек суға батып кетудің алдын алады.
Қайықта болған кезде құтқару кеудешесін міндетті түрде кию керек.
Осы қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, балаларыңыздың демалысын барынша қауіпсіз ете аласыздар.
11 шілде 2019 ж. 1 028 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области