ҚЫЗЫЛОРДАДА "ПАРАСАТТЫ ПОЭЗИЯ" АТТЫ ЖЫР КЕШІ ӨТЕДІ
Ертең Қызылордада «Парасатты поэзия» атты жыр кеші өтіп, оған Қырғызстан мен еліміздің әр түкпірінен жиналған ақындар қатысады.
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтетін шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық кодымызды негіздеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жыр кешіне бауырлас қырғыз елінің ақындары Бақтыгүл Чотурова, Қарбалас Бакиров келеді. Сондай-ақ, жерлестеріміз Қатира Жаленова, Толыбай Абылаев, Алтай Үсенов, Дүйсенбек Аяшұлы, Қаршыға Есімсейітова, Толқын Қабылшаева сынды шайырлар жыр оқиды.