Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ НАСИХАТТАУҒА ӨРІС АШЫЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ НАСИХАТТАУҒА ӨРІС АШЫЛДЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы міндеттерге орай Сырдария ауданында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.  Осы мақсатта Жетікөл ауылдық клубында облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы мамандарының қатысқан «Жырдан шашу шашайын» атты аудандық дәстүрлі әнші-термешілер байқауында ұмыт бола бастаған халық әндері орындалып, көпшілік көңілінен шықты.
    Сонымен қатар, Қалжан ахун ауылдық клубында Қалжан ахун Бөлекбайұлының 155 жылдығы аясында «Ізгіліктің нұрын сепкен – Ахун баба» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша желтоқсан айының 25 жұлдызында ауданға қарасты Ақжарма ауылында ағартушы-ұстаз, халық емшісі Садық ахун Қодарұлының атындағы аймақтық жас ақындар айтысы өтеді деп жоспарлануда.
    Жыр додасына еліміздің бас қаласы – Астанадан және Шымкент қаласы мен облыс көлеміндегі аудандардан ақындар қатысады. Айтыстың жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрап отыр.

20 желтоқсан 2017 ж. 834 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области