Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада облыстық шешендік өнер сайысы өтеді

Қызылордада облыстық шешендік өнер сайысы өтеді

Kyzylorda-news.kz. «Жас Ұлан» ББЖ қозғалысын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысы «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 25 қазан күні «Бала би» облыстық шешендік өнер сайысы өтеді.


«Бала би» облыстық шешендік өнер сайысының
ЕРЕЖЕСІ

Міндеттері:
• қатысушылардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру;
• жастар мен жасөспірімдердің сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
• білімдерін арттыру;
• тез шешім қабылдауға бейімдеу;
• ел алдында жасқанбай, өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
• дарынды шешендерді қолдау және марапаттау.

Ойынға қатысушылар: облыстық сайысқа әр өңірден 1 топ қатысады. Топтың құрамы 3 қатысушыдан тұрады. Ойынға қатысатын барлық ойыншылар ұлттық нақыштағы арнайы киіммен қатысады.
Қатысушылар: 14-17 жас аралығы
Байқаудың шарттары:
І. Сәлем – сөздің атасы
(орақ ауыз, шешен тілмен билерше топты таныстыру -2минут )
ІІ. «Пана болған жеріме, Айналайын үш биім»
(Топтағы үш қатысушы ,әрқайсысы өзара бөліп алып, үш бидің даналық нақыл сөздерінен мәнерлеп оқу-3 минут )
ІІІ. «Елдік туын ұстаған, айналайын үш биім» -Океанариум
(Бұл бөлімде қазақтың үш биінің шешендік, нақыл сөздері беріледі. Қатысушылар сол сөздердің қай бидікі екенін табуы тиіс-3 минут )
ІV. «Сонда билер сөйлепті....»
(Үш бидің даулы мәселерге байланысты оқиғалары оқылады, қатысушылар сол кездегі билердің шешімін сонда билер сөйлепті... –деп жалғастырып кетеді.)
V.«Төле би мен Қазыбек, Әйтеке би- асылым» мүшайра
(Үш биге арналған ақындар мүшайрасы. Үш биге жыр арнау-3 минут)
(Плогиаттыққа сол жерде арнайы тексеру жүргізіледі)

Өткізу мерзімі: 25 қазан, 2019 жыл, сағат: 09.00
Өткізу формасы: Шешендік өнер сайысы
Өтетін орны: Қызылорда қаласы №9 БИЛ акт залы
18 қазан 2019 ж. 741 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области