Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ

ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ЕРЕЖЕСІ


    Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.
    Көмір қышқыл газынан уланудан сақ бол:
    Ғимарат немесе тұрғын үй ішіне газ тарағанда қабырғалар мен айналадағы заттарға қонбайды, суға сіңбейді. Адамдардың улы газбен улану жағдайы көбінесе түнгі уақытта орын алып отырады. Түтіндеген кезде ұйықтап жатқан адам үшін, улы газдың мөлшерін алу үшін бірнеше минут жеткілікті, пештің немесе газ қондырғысы орнынан алыс тұрса да, оның салдары адамға зиян келтіріп тұрады. Көбіне улы газдың зардабы балалар және қарт адамдарға тиеді. Аяқ астынан шыққан улы газдың зардабы, орны толмас өкінішке душар етеді. Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасауы керек.   

    Қыста жолға шыққанда есте сақтауды қажет ететiн қарапайым ережелер бар:
    - метеорологиялық мәлiметтердi тыңдап немесе қоршаған табиғатты бақылап, ауа райының өзгерiсiн байқауға тырысыңыз;
    - аязды күні ең алдымен адамдардың аяқтары, қолдары және бетi жиiрек және тезiрек тоңады, сондықтан жылы киімдер киініңіз, аяқ киiм кез келген жағдайда кең болуға тиiс;
    - автокөлікпен алыс сапарларға шыққан жағдайда, көліктің ақаулығын жөндеңіз, өзіңізбен бірге қағаз түріндегі картаны алып жүріңіз, автожолдардың бойында орналасқан жылыту пункттерін (қонақ үй, дүкен, кафе және т.б.) және медициналық көмек көрсету бекеттерін нақтылап алыңыз;
 
    Мұзда жүру ережесі:
    - тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайды;
    - өзеннен өтерде мұз өткелдерін пайдаланыңыздар;
    - аяқ соққысымен мұздың қаттылығын тексеруге болмайды. Егер бірінші қатты соққыдан кейін, шаңғы таяқшасымен қатты ұрғаннан кішкене су көрінсе – бұл мұздың жұқалығын білдіреді, онымен жүруге болмайды. Мұндай жағдайда өз ізіңмен жылжып,  мұздан аяғыңды алмай және иықтың өлшемімен салмақ салмай жағаға қайтадан шығу қажет. Мұздың жарылуы кезінде де дәл осылай жасау керек.
    - амалсыз су айдындарынан өтер кезде, ең бастысы  тапталған соқпақтармен немесе салынған шаңғы жолымен жүру қажет. Егер де ондай жол болмаса, мұзға түспес бұрын, жүретін бағытыңды, ізіңізді нақтылап алыңыз;
    - топпен су айдынынан өтер кезде, бір-біріңіздің араларыңыздағы қашықтықты сақтау қажет.(5-6 м)
    - қатқан су айдындарында  жүкпен бірге соңында ілмегі бар, ұзындығы 20 – 25 м болатын берік бау алып жүру қажет.  
    Төтенше жағдайлар мен  оқиғалар орын алған кезде «101», «112» телефондарына хабарласыңыздар.
               Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті

03 қаңтар 2018 ж. 5 554 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области