Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР НАЗАРЫНА!


    2018 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
    Азаматтық қоғам істері комитетінің ақпаратына сәйкес, 2018 жылғы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады.
    Осыған орай, мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiне (оқшауланған бөлiмшелерi) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмай infonpo.kz сайтында есеп берудің электронды нұсқасын толтыру ұсынылады.
    ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынудың баламалы тәсілі есеп берудің қағаз нұсқасын толтыру болып табылады. Есептің қағаз нұсқасын электрондық форманың CD-дискте немесе флэш-жинақтауышта қосымшасымен қоса Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мекен-жайына үстіміздегі жылдың 31 наурызына дейін жолдау қажет.
    ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы өткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

16 ақпан 2018 ж. 761 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области