Т. Көмекбаев атындағы халықаралық турнир өтеді

Кеңес одағы батырының құрметіне 24-ші рет өткізілгелі отырған биылғы додаға еліміздің барлық өңірлерімен қатар Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 150-ге жуық балуан келіп, тоғыз салмақ бойынша күш сынасатын болады.
Өтетін орны: Жосалы кенті, аудандық дене шынықтыру сауықтыру спорт кешені.
Басталуы: 4 мамыр күні сағат 10.00-де, салтанатты ашылуы сағат 15.00-де.