Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМОРИАЛ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы халықаралық мемориал биыл 23-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарысты ұйымдастырушылар – Қармақшы ауданының әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасы, Тәйімбет Көмекбаев атындағы қор.
Мемориалдық турнирге Қазақстан, Белорусия, Монғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Түрікменстан елдерінен 130-ге жуық самбошылар қатысты.
Алғашында республикалық, 10 жылдан бері халықаралық дәрежеде өтіп, «Мемориал» мәртебесін алған бұл турнир талай саңлақтардың бағын ашты, спорт әлеміндегі алғашқы баспалдағы болды.
Халықаралық мемориал 9 салмақ дәрежесі бойынша (52, 57, 62, 68, 74, 82, 90, 100, +100 келі) және төл күресімізді насихаттау мақсатында қазақ күресінен «Түйе палуандар» сайысы ұйымдастырылды. Жарыстың марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты Б.Еламанов, Қазақстан Барысының бірнеше дүркін жеңімпазы Б.Ыстыбаев, Білім және ғылым министрлігінің Дене тәрбиесі ғылыми тәжірибелік зерттеу кәсіпорнының бас директоры С.Мұстафаев, облыстық басқармалар және аудан әкімдігінің басшылары, Тәйімбет Көмекбаевтың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері мен спорт саласына еңбек сіңірген тұлғалар қатысты.
52 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Хлимов Фархад, Өзбекстан Республикасы
ІІ орын – Шарип Салих, Ақтөбе облысы
ІІІ орын – Тәтімбетов Қуаныш, Қызылорда облысы
ІІІ орын – Мейрамов Бекнұр, Қарағанды облысы
57 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Абдеков Дамир, Қызылорда облысы
ІІ орын – Алдухан Ербол, Алматы облысы
ІІІ орын – Өскенбаев Аманхан, ОҚО
ІІІ орын – Добай Азат, Жамбыл облысы
62 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Тлеуберген Нұржан, Қызылорда облысы
ІІ орын – Тутхалян Ваэ, Белорусь Республикасы
ІІІ орын – Аманшукуров Нур, Жамбыл облысы
ІІІ орын – Тугелбаев Абылай, Атырау облысы
68 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Шайкөзов Азамат, Қызылорда облысы
ІІ орын – Абдисахиев Нұртуған, Байқоңыр қаласы
ІІІ орын – Әбдреев Әсет, Қзылорда облысы
ІІІ орын – Азанов Батыр, Өзбекстан Республикасы
74 кг салмақ дәрежесінде
І орын –Каримов Самир, Әзербайжан Республикасы
ІІ орын – Иманбаев Жандос, Атырау облысы
ІІІ орын – Хожимаматов Фирдавс, Өзбекстан Республикасы
ІІІ орын – Султанов Мироншох, Өзбекстан Республикасы
82 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Хожимаматов Элер, Өзбекстан Республикасы
ІІ орын – Тынышбай Айболат, Жамбыл облысы
ІІІ орын – Аманжол Жанбота, Алматы қаласы
ІІІ орын – Есенов Жайдар, Қызылорда облысы
90 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Екубов Немат, Өзбекстан Республикасы
ІІ орын – Нерхаликов Нодир, Өзбекстан Республикасы
ІІІ орын – Абдуллаев Ержан, Қызылорда облысы
ІІІ орын – Мисин Әділет, Ақтөбе облысы
100 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Исағабылов Мақсат, Қызылорда облысы
ІІ орын – Сәлімгереев Нұрым, Қызылорда облысы
ІІІ орын – Сагиров Илья, Өзбекстан Республикасы
+100 кг салмақ дәрежесінде
І орын – Мухамеджнов Ерсін, Қарағанды облысы
ІІ орын – Әбдразақов Руслан, Алматы облысы
ІІІ орын – Калибеков Айбек, ШҚО
ІІІ орын – Баймаханов Марат, Қызылорда облысы
«Түйе палуан» қорытындысы бойынша
І орын – Сәлімгереев Нұрым, Қызылорда облысы, жүлде қоры 2,0 млн теңге
ІІ орын – Мамадзе Жаба, Грузия Республикасы, жүлде қоры 1,0 млн теңге
ІІІ орын – Әбдразақов Руслан, Алматы облысы, жүлде қоры 500 мың теңге









07 мамыр 2018 ж. 922 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области