Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша үздік жарияланымдарға арналған конкурс
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне және вайнерлерге, блогерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша үздік жарияланымдарға арналған конкурс жариялайды.
Байқау «Үздік интернет жарияланым», «Үздік телевизиялық жұмыс», «Үздік баспа жарияланым», «Үздік вайн» номинациялары бойынша өткізіледі.
Ережеге сәйкес, конкурсқа интернет-порталдардың редакциялары, республикалық және өңірлік БАҚ, блогерлер мен вайнерлер, жеке авторлар мен журналистер қатыса алады.
Сонымен қатар, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған мақалалар, вайналар, бейнематериалдар мен телеарна арқылы 2019 жылдың 1 мамырынан 1 тамызына дейінгі кезеңде көрсетілген хабарлар циклі қарастырылады.
Материалдарды қабылдау 2019 жылдың 10 тамызына дейін жүзеге асырылады. Материалдарды қабылдау мекенжайы:010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сейфуллин көшесі, 37, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, 7 қабат, 705 кабинет, тел.: +7 /7172/ 909199, ұялы тел.: +77782882077, электронды пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru.
Әр номинация бойынша жүлделер ретінде ұсынылады: 1 орын – плазмалық теледидар, 2 орын – ноутбук, 3 орын – смартфон.
Сонымен қатар, номинациялардағы жеңімпаздар Агенттік Төрағасымен «галстуксіз» форматында кездесу мүмкіндігіне ие болады.
Әрбір номинация бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз!
Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы аясында үздік жарияланымдар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.Негізгі ережелер
1. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша (бұдан әрі – Байқау) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін (бұдан әрі-БАҚ), ең үздік журналистік жұмысы үшін блогерлерге (әлеуметтік желілердегі посттар) және вайнерлерді (үздік вайн) анықтау бойынша, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайластыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтар жүйесін сақтап, нығыздау мақсатында өтеді.
2. Байқау жеңімпаздарын құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мен мемлекеттік орган өкілдері және үкіметтік емес ұйымдарының мүшелері бар арнайы комиссия анықтайды.
2.Байқауға қатысу шарттары
3. Байқауға барлық республикалық, өңірлік БАҚ өкілдері, блогерлер мен вайнерлер қатыса алады.
4. Байқауға мақсатына сәйкес азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін көтеріп, жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыратын құндылықтарды сақтап, нығайтуға бағытталған, келесі материалдар: бағдарламалар, документалды фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар, посттар қабылданады.
Материалдар 2019 жылдың 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында жариялануы керек.
5. Ұсынылатын материалдар санына шектеу қойылмайды.
6. Байқау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар қабылданбайды. Ұсынылған материалдар қайта қайтарылмайды.
3.Байқау кезеңдері
7. Байқау туралы хабарландыру
Байқау ережелері қазақ және орыс тілдерінде барлық республикалық, өңірлік БАҚ беттерінде жарияланады.
8. Байқауға ұсынылған материалдарды қабылдау.
Жарияланымдардың түпнұсқасы немесе көшірмесі (автордың мәліметтері, байланыс нөмірлері, басылым атауы көрсетілген) ұсынылады.
Аудиовизуалды материалдар эфирлық анықтамасымен бірге телевизиялық бағдарламалар көшірмелері түрінде ұсынылу керек (cd/dvd дискілерінде, флэш тасымалдауыштарда немесе сілтеме арқылы).
Ақпараттық агенттіктердің журналистері интернет сайтта жарияланған дәлелімен жарияланымдарының көшірмелерін ұсыну керек.
Байқауға материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. 2019 жылдың 10 тамызында материалдарды қабылдау тоқтатылады.
Материалдарға қосымша журналистің қысқаша баяндамасы, 3×4 суреті, ақпараттық материалдар тізімі жолданылады.
9. Байқауға ұсынылған материалдырды қарау.
Материалдар қабылданып болғаннан кейін байқау комиссиясы жұмыстарды қарауды бастайды.
Байқауда келесі критерийлер ескеріледі:
1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
2) мәселені саралау тереңдігі мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны;
3) жазу стилі;
4) авторлық концепцияның өзіндік ерекшелігі.
10. Қорытындылау
Жеңімпаздарды анықтау байқау комиссиясының отырысында үздік жұмыстарды анықтау жолымен жүргізіледі.
Комиссия отырысы БАҚ өкілдері мен азаматтық қоғам мүшелерінің қатысуымен өтеді.
Әрбір материал жеке талқыланып, ашық дауыс беру арқылы нәтижесі шығарылады.
Бірдей дауыс алған жағдайда, комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі. Комиссия отырысының хаттамасы толтырылады.
Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша шешім кабылданып, жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындар келесі номинациялар бойынша беріледі:
1) Үздік интернет-жарияланым;
2) Үздік телевизиялық жұмыс;
3) Үздік баспасөз жарияланымы;
4) Үздік вайн.
Жеңімпаздарды марапаттаудың орны мен уақыты комиссия отырысында белгіленеді.
4.Байланыс ақпарат
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705 кабинет, тел. +7 (7172) 909-199, сот: +7 778 2882077, электронды пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru