"ҚР ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

Ағымдағы жылы бұл шара өз жалғасын тауып, аталған конкурсты өткізу мемлекеттік қызмет істері органдарының 20-жылдығын мерекелеумен ұштастырылды.
Осы ретте, Агенттіктің ресми интернет-ресурсында
үстіміздегі жылдың 15 ақпанында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы туралы хабарландыру жарияланды.
Конкурс екі кезеңнен тұрады: өңірлік (облыстық) және республикалық деңгейде.
Бірінші кезеңді Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанында құрылған арнайы өңірлік конкурстық комиссия өткізеді.
Құжат қабылдау ақпан айының 15-нен бастап наурыз айының 15-і аралығында жүргізілді. Конкурсқа қатысуға өңіріміздің 13 мемлекеттік қызметшісі ниет білдіріп, өз құжаттарын ұсынды.
Байқаудың кейінгі кезеңі, кандидаттың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеуге 10 азамат қатысып, 7 үміткер белгіленген шекті мәннен жоғары баллға қол жеткізді.
Өңірлік комиссияның бүгінгі отырысында кандидаттың ахуалдық мәселені шешу қабілеті бағаланды.