ДЕПАРТАМЕНТ ЖАРИЯЛАҒАН КОНКУРС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті үздік бейнероликке байқау жариялаған болатын.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қызылорда облысының киелі жерлері – ұлттық мақтаныш» атты осы конкурс өз мәресіне жетті.
Жас мемлекеттік қызметкерлер арасындағы конкурс нәтижесінде өзі тұратын аумақтағы киелі орындар жайлы танымдық материал әзірлеген Қазалы ауданы Көларық ауылдық округінің жетекші маманы Жаңбырбай Табынбайдың бейнеролигі үздік деп танылды.
Туған жер тарихы жайлы танымдық материал әзірлеген жас маманды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Мұхимов марапаттады.