Балалармен бірге демалғанда ақшаны қалай үнемдеуге болады?

Турды алдын ала сатып алу
Егер турды 1,5 – 2 ай бұрын сатып алып қойсаңыз қаржыңыздың 10–15% пайызын үнемдеуге болады.
Балаларға жасалатын жолақы жеңідіктері
Екі жасқа дейінгі балалар жеке орын алмайды. Сондықтан олар ел ішінде тегін ұшады, ал халықаралық рейстерде 90% жеңілдікпен ұшады. Пойызда бес жасқа дейінгі балалар тегін жүре алады.
Тұратын жер мен тамақ
Кейбір қонақ үйлерде 16 жасқа дейінгі балаларға жеңілдіктер қарастырылған. Әсіресе Түркияда, Грецияда, Испанияда. Ал ата-аналарымен бірге келген жас сәбилер тегін тұрып, тегін тамақтанады.
Дереккөз: Сегодня