Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ


Бүгін жаздың алғашқы күнімен жадырай келетін Халықаралық балаларды қорғау күні. Балалар мен ересектерге бірдей қуаныш сыйлайтын ерекше мерекені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлері қала сыртындағы Талсуат елді мекенінде орналасқан «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» балалар орталығының тәрбиеленушілерімен бірге өткізуге асықты. Қазіргі таңда орталықта 130 дан аса ақыл есінде және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде.
   Аяқ астынын түрлі-түсті шарлармен, сыйлықтармен, тәттілермен қонақтардың келуі бабаларды әрі таңқалдырды, әрі қуантты. Балалар келген қонақтарды жатырқамай, оларға өздерінің салған суреттері мен қолдан жасаған бұйымдарын көрсетуге асықты. Өз кезегінде корпорация қызметкерлері балалардың мерекесіне тарту ретінде арнайы алып келген спорттық және белсенді ойындарға арналған ойыншықтарды, сурет салатын құралдарды үлестірді. Әрине, тәттілер мен балмұздақсыз бұл мейрам қалай өтпек?! Әсіресе, балалар караоке-микрофондарды қатты ұнатты, себебі орталықтағы тәрбиеленушілердің арасында талантты жеткіншектер көп. Мұндай сыйлыққа қуанған олар алғыстарын әнмен жеткізді.
Бұл күні орталық ізгі тілектерге, жақсы көңіл-күй мен балалардың шат күлкісіне толды.
  «Біздің корпорацияда әр мейрамның қарсаңында қайырымдылық шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Бүгінгі балалардың мейрамы да басшылық назарынан тыс қалған жоқ. Аудандардағы бөлімдерде де мерекелік шаралар өтуде. Ол жақта да тұрмысы төмен отбасындағы балаларға сыйлық, киім-кешек, азық-түлік табысталуда. Балалар біздің болашағымыз десек, олардың бейбітшілікте, қуанышта, бақытты өмір сүруіне үлкендер жауапты. Ал денсаулықтарына байланысты осындай орталықта оқып-тәрбиеленіп жатқан балаларға екі есе көңіл бөлінуі керек. Сондықтан бүгін әріптестерімізбен бірге ерекше балаларға ерекше тосын сый жасағымыз келді. Балалармен бірге өзіміздің де көңіл-күйіміз көтеріліп, бір жасап қалдық», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының HR-маманы Жанар Ахетова.                                                                           
01 маусым 2018 ж. 778 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области