Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Күйіккескен қалашығын зерттеу жұмыстары жүргізілді

Қызылордада Күйіккескен қалашығын зерттеу жұмыстары жүргізілді

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында орын тепкен ортағасырлық Күйіккескен қалашығында археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Бұл шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Қалашықты зерттеу жұмыстарына отандық және шетелдік мамандар да тартылды. Олардың қатарында «Археологиялық экспертиза» ғылыми-зерттеу ұйымының директоры, ЮНЕСКО эксперті, ҚР дүниежүзлік ұлттық мұра комитетінің бас хатшысы Д.Воякин, аталмыш ғылыми-зерттеу ұйымының археологтары А.Долгушев пен М.Гурулев, Tandy институты ассоциациясының ғылыми қызметкері, PhD, тарихшы-археолог С. Гильберт бар. Жақында Қызылордада олардың қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, бұл шараға музей мен ескерткіштерді қорғау мекемесі қызметкерлері қатысты.
Күйіккескен қалашығы оғыздар астанасы - Жанкент шаһарының маңында орыналасқан. Ара қашықтығы 15-20 шақырымды құрайды. Алғаш рет мұнда 1946 жылы ресейлік зерттеуші Сергей Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
24 қазан 2019 ж. 463 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области