Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНДА ЕРКЕКТЕРДІҢ ДЕКРЕТКЕ ШЫҒУЫ ЖИІЛЕП БАРАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЕРКЕКТЕРДІҢ ДЕКРЕТКЕ ШЫҒУЫ ЖИІЛЕП БАРАДЫ


    Қазақстандағы отбасылардың арасында баланың 1 жасқа дейінгі күтіміне байланысты әлеуметтік төлем рәсімдейтін еркектер саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «2016 жылы аталған әлеуметтік төлем алушылардың жалпы санының 98 пайызын әйелдер, тек 2 пайызын еркектер құраған болатын. Ал 2017 жылы 1 жасқа дейінгі  баланың күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алуға өтінім бергендердің жалпы санының 8 пайызын еркектер құрады», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.
    Астана қаласының тұрғыны Ильзат Сафарғалиевтің айтуынша, мұндай шешім қабылдауына жұбайына қарағанда өзінің жалақысының жоғары болуы себеп болған.
    Айта кетерлігі, бала дүниеге келгенде төленетін төлемақының бірнеше түрі бар. Біріншісі, жұмыс істейтін әйелге тиесілі декреттік төлемақы. Ол бір-ақ рет беріледі. Оны есептеудің өзіндік үлгісі бар. Табыс мөлшері нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан бала туғанға дейінгі соңғы жылдағы әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады. Төлем мөлшерін соңғы жылдың орташа айлық табысын 10% мөлшеріндегі зейнетақы аударымдарын шегерумен еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы білуге болады. Орташа айлық табыс жыл бойғы жалпы табысты 12 айға бөлгенде анықталады. Еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті жүктілігі және босануына байланысты демалыс күндерінің санын 30 күнге бөлумен анықталады. Сол себепті максималды коэффициент 126/30=4,2 теңеледі.
    Бала туғандағы біржолғы жөргекпұл мөлшері заңмен бекітілген. Бірінші, екінші және үшінші балаға -  30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ал, төртінші, бесінші, алтыншы және т.б. балаларға - 50 АЕК төленуге тиіс.
    Ал, сол баланың бір жасқа дейінгі күтімі үшін ай сайынғы жәрдемақыны  алуға сәбидің анасы  немесе әкесі өтініш бере алады.
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2017 жылдың 9 айында Әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік пен бала туғаны үшін 48 млрд теңге, 1 жасқа дейін бала күтімі үшін 53 млрд теңге төленген.

11 қаңтар 2018 ж. 769 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области