Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тоқаев заңға қол қойды: Қазақстандықтарға толық емес жұмыс күніне көшуге рұқсат етілді

Тоқаев заңға қол қойды: Қазақстандықтарға толық емес жұмыс күніне көшуге рұқсат етілді

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстан сенаты 30 сәуірде өткен жалпы отырыста заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Ал мәжіліс заң жобасын өткен жылдың 18 желтоқсанында бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Сол кезде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заң жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталды.
Соның бірі – науқас жақынын күтіп-бағып отырған азаматқа толық емес жұмыс күнін ұсыну.
«Жалақысы сақталмайтын демалыс бүгінгі таңда тараптардың өз келісімі бойынша беріледі. Алайда отбасының науқас мүшесін күту үшін ұзақ демалыс қажет болған кезде, жұмыскерлер жалақысы сақталмайтын демалыс ала алмай, соның салдарынан жұмыстан шығуға мәжбүр болып жатады. Осыған байланысты, медициналық қорытындыға сәйкес отбасы мүшесіне күтім жасау үшін қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыт режимін енгізу ұсынылады», – деді министр мәжіліс отырысында.

Нұрымбетовтың айтуынша, отбасы мүшелері ретінде күйеуі немесе әйелі, балалары, ата-анасы қаралып отыр. Яғни, тек ең жақындары.
«Еңбекақы еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істеген уақыты үшін төленеді», – деп нақтылаған болатын ол.


05 мамыр 2020 ж. 12 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области