ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ АБАЙ БОЛСАҚ ЕКЕН
Әлеуметтік желіде отырғанда түрлі жарнама қылаң беріп, жарқ-жұрқ мазамызды алары анық. Кейде бүгінгі жүйкесі жұқарған жұртшылық саусақпен сипайтын смартфонын қатты түртіп қалса, алдына кеп тұрған кез келген жаңалыққа абайсыз болмаса да «лайк» басып қояды. Әбілиязовтың әрекетін жарнамалаған посттар да мұндай қатардан табылып жатады, тап басып соны байқамай ұнатып қалуы да ғажап емес.
ҚР Бас прокуратурасы Әбілиязовтың «ҚДТ» ұйымын экстремистік деп танығаны жөнінде басылым беттерінен оқуға болады. Бұған ресми мәлімдемелерді қосыңыз. Ендеше, құзырлы орындардың мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік желіде Әбілиязовтың әрекетін ұнатып, лайк басқандар, бөліскендер, мессенджер арқылы байланысқандар жазаланады. Мұны жұртшылық ескерсе жарар еді. Әйтпегенде, теріс ойлылардың кесірінен жазықсыз жұртшылық та жазаланып қалса, абайсызда апанға түсіп кеткенмен тең. Қауіп-қатерден алдын ала ақпараттандырып та жатыр.
Қазынадан қаржы ұрлап, шетелге қашқанды «Отанын сатқан опасыз» деген қазақ. Өйткені, ел қамын ойлаған қайраткерлер айлакерден сақтануды сұрап отырған жоқ па?! «Жау жоқ деме, жар астында» деп елде талай қызметтерді атқарған әлгінің біздің мемлекетімізге басты жау боп тұрғаны да жасырын емес. «Іштен шыққан жау жаман» деп, бұл істен бар шараны нықтап, қауіптің алдын алған дұрыс.
Әли САРИЕВ